"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының екінші абзацының және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Кәсіби орта және жоғары оқу орындарында оқитын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 қаулысына (№ 3571 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" 2007 жылғы 22 мамырдағы газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыптағы "кәсіби орта және жоғары оқу орындарында оқитын" деген сөздер "техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай облысының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім (бұдан әрі - білім) алатын мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар (бұдан әрі - мүгедектер) үшін мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуға, сондай-ақ, екінші техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдердің өзге де түрлерін алушылары болып табылатын мүгедектерді қоспағанда тиісті білім беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының 100 % мөлшерінде әлеуметтік көмектің (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) қосымша түрі белгіленсін.";
2-тармақта :
1) тармақша ", бірақ тиісті күнтізбелік жылы бір реттен артық емес;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "әкелуге міндетті" деген сөздер "әкеледі" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мүгедектің әлеуметтік көмекті мақсатты пайдаланбауы екінші қайтара өтініш жасағанда, әлеуметтік көмек сұрағанға дейін мүгедек оқығаны үшін өзінің жеке қаражаты есебінен толық көлемде төлеген жағдайды қоспағанда, әлеуметтік көмек алу құқығынан айыруға әкеліп соғады. Егер мүгедек әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш бергенге дейін оқығаны үшін өзінің жеке қаражаты есебінен ішінара төлем жасаса, мүгедек әлеуметтік көмек алғаннан кейін оқудың толық құнына жетпейтін әлеуметтік көмектің бөлігін мақсатты пайдаланады;";
3-тармақта :
бірінші абзацтағы "Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" деген сөздер "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "орта кәсіби және жоғары оқу орындарында оқитын" деген сөздер "техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "дербес шоттары" деген сөздер "дербес немесе карт-шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
С. Кулагин |