Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.03.2013 № 80 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 25.11.2013 № 519 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Бiлiм беру гранттарының иегерлерi, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм алуға, сондай-ақ, екiншi техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алу үшiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлемдердiң өзге де түрлерiн алушылары болып табылатын мүгедектердi қоспағанда Қостанай облысының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм (бұдан әрi - бiлiм) алатын мүгедектер, оның iшiнде мүгедек балалар (бұдан әрi - мүгедектер) үшiн тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының төлеммен 100 пайыз мөлшерiнде, бірақ жылына 200 айлық есептік көрсеткіштен артық емес әлеуметтiк көмектiң (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек) қосымша түрi белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.01.2015 № 29 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Анықталсын:
1) мүгедектер бiлiмі туралы құжатты алғанға дейiн әрбір оқу жылында, бірақ тиісті күнтізбелік жылда бiр реттен аспайтын әлеуметтік көмек алуға өтініш жасай алады. Соңғы оқу жылына әлеуметтік көмек алуға өтініш уақытылы жасалмаса, мүгедектер оның тағайындалуына оқығанына толық көлемде ақы төлеген жағдайда білімі туралы құжатты алған күнінен бастап екі жылдан кешіктірмей өтініш бере алады;
2) әлеуметтік көмек мүгедектердің немесе олардың заңды өкілдерінің оны алуға құқығын растайтын тиісті құжаттармен қоса өтініш берген күнінен бастап тағайындалады және тиісті оқу жылына бір жолғы төлем төленеді;
3) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 04.05.2009 № 184 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4) әлеуметтік көмекке қайта өтініш жасағанда мүгедек әлеуметтік көмек тағайындаған және төлеген органға оқу орнынан оқуға төлеген ақысы туралы анықтама әкеледі;
5) егер:
әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіргенге дейін мүгедек оқу үшін төлемді толық көлемде өзінің жеке қаражатынан жүргізген болса, әлеуметтік көмек білім беру ұйымында тиісті оқу жылына арналған оқудың нақты құнының мөлшерінде көрсетіледі;
әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш білдіргенге дейін мүгедек оқу үшін төлемді өзінің жеке қаражатынан ішінара жүргізген болса, әлеуметтік көмек білім беру ұйымында тиісті оқу жылына арналған оқудың нақты құнының мөлшерінде көрсетіледі, бірақ нысаналы бағыты бойынша әлеуметтік көмектің білім беру ұйымында оқудың толық құның төлеу үшін жетіспейтін бөлігі ғана пайдаланылады;
6) әлеуметтік көмек төлеу мүгедектігі алынып тасталған, тиісті оқу орнынан шығып қалған, немесе қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.05.2009 № 184 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 23.05.2011 № 229 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); 01.12.2011 № 522 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулыларымен.
2-1. Қосымша әлеуметтік көмекті алу үшін мүгедектер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;
3) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
4) мүгедектігі туралы анықтама;
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
6) тиісті оқу орнымен берілген мынадай мәліметтері бар құжат:
тұтынушының бірінші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуы туралы;
білім беру грантының жоқтығы туралы;
оқу түрі туралы;
курсын және мамандықтың атауын көрсете отырып, оқу орны туралы;
тиісті оқу жылына оқу төлемінің мөлшері туралы;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұтынушыға төлемдердің өзге түрлерінің жоқтығын растайтын, тұтынушының тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен берілген құжат;
8) тұтынушының банктік шотының болуын растайтын құжат;
9) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде:
заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
заңды өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса беріледі;
10) егер мүгедекпен әлеуметтік көмек тағайындалуына өтініш жасағанға дейін оқуға төлем ішінара немесе толық өзінің қаражатынан жасалса, тиісті оқу орнынан жүргізілген төлемді растайтын құжат ұсынылады;
11) білім ұйымымен шарт.
Салыстыру үшін құжаттар көшірмелері мен түпнұсқаларда ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.
Ескерту. Қаулы 2-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.12.2011 № 522 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 25.11.2013 № 519 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2014 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектер үшін әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді осы қаулыға сәйкес және облыстық бюджеттік тиісті қаржы жылына қарастырылған сомасының шегінде жүзеге асырсын;
2) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.12.2011 № 522 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
3) әлеуметтік көмекті төлеу мүгедек өтініш жасаған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей заңнамамен белгіленген тәртіппен оның жеке дербес немесе карт-шоттары аудару жолымен жүзеге асырылсын.
4) бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жүргізілсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.05.2009 № 184 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз); 01.12.2011 № 522 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
С. Кулагин |