Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 25.08.2010 № 345 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 32 "Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-95, 2008 жылғы 18 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде 6 нөмірмен жарияланған) шешіміне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерінде:
3-тармағы мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың және оларға теңестірілген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдарға қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге;
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағында көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына.";
9-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"9. Тұрғын үй көмегін тағайындалмайды:
1) жеке меншігінде бір тұрғын үйден артық үйі бар немесе тұрғын үй орнын жалға тапсырушы отбасыларға (азаматтарға), басқа жағдайларында:
меншігіндегі екі тұрғын үй бірлігінің біреуін мемлекеттік тұрғын үй қорына бере отырып, меншіктену құқығынан бас тартқан;
заңнама белгіленген тәртіпте пәтерді жатсынған немесе екінші пәтер тастап кетілген үйде орналасқан;
осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген тұлғаларының санаттарына кіретін, меншігінде екі тұрғын үй болған азаматтарға беріледі;
2) әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдардың қызметкерлері, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшін заңдылықпен бекітілген ақшалай өтемақының айлық мөлшерімен;
3) еңбекке жарамды жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, Қарулы Күштер қатарларында қызмет етпейтін және "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі) жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдары бар отбасыларға, ерекшелігі:
жүкті әйелдер (өтініш еткен мерзімге);
үшінші топтағы мүгедектер;
50 жастан асқан әйелдер және 55 жастан асқан ер адамдар;
жеті жасқа дейін балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтар;
басқа біреудің көмегіне мұқтаж деп танылған сексен жасқа толған қарияларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің өтініш еткен мерзімінде бағып-күтумен айналысатын азаматтары.";
мына мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақтарымен толықтырылсын:
"9-1. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды және (немесе) төленбейді:
1) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 1)-5)- тармақшаларында ескерілген себептер бойынша жұмыссыз ретінде есептен шығарылған жұмыссыз азаматтары бар отбасылар есептен шығару күннен бастап алты ай бойы;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтемақының көтерілуіне немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған күмәнді мәліметтер бергені үшін отбасы (азаматтар) жіберілген қатені анықтаған күннен бастап он екі ай бойы.
9-2. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында отбасы құрамында мыналар есепке алынбайды:
1) Рудный қаласынан тыс жерлерде орналасқан орта және арнайы орта, жоғары оқу орындарда оқитын отбасы мүшелері;
2) (осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген тұлғаларының санаттары үшін) өтініште көрсетілмеген отбасы мүшелері.";
10-тармағында "көрсетілген себептер бойынша" сөздерінен кейін "9-тармағының 2)- тармақшасында" сөздері "9-1-тармағында" сөздерімен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 11-1-тармағымен толықтырылсын:
"11-1. Құжаттарды қабылдайтын тұлға өтініште көрсетілген отбасы құрамы туралы мәліметтерді азаматтарды тіркеу кітабымен салыстырады және жиынтық табысын есептеумен азаматтарды тіркеу кітабынан үзінді жасайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы |
В. Вайзер |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
В. Лощинин |