Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қазанда № 9-2-167 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 317 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 12.09.2014 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағида бекітілсін.
      2. мәслихаттың 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 32 "Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная станциясында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-2-95 тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтарда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған);
      мәслихаттың 2009 жылғы 25 ақпандағы № 180 "Мәслихаттың 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 32 "Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная станциясында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-2-127 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).
      Ескерту. 2-тармағы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 31.05.2013 № 150 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      он үшінші кезекті
      сессиясының төрағасы                       А. Хасен

      Қалалық мәслихат хатшысы                   В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қаласының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ М. Досболов
      25.08.2010 ж.

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ С. Искуженов
      25.08.2010 ж.

      "Рудный қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ____________ Е.Скаредина
      25.08.2010 ж

Мәслихаттың       
2010 жылғы 25 тамыздағы  
№ 345 шешімімен бекітілді 

Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағида

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласында, Қашар, Горняцк кенттерінде, Перцев ауылында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 31.01.2014 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таратылады) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) тоқсан сайын өтінішпен "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 31.01.2014 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таратылады) шешімімен.
      3. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.
      4. алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
      6. Ағымдағы жылда бірінші рет өтініш білдірген өтініш білдірушілерге тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, бірақ тұрғын үй көмегін тағайындауға негіз болатын жағдайлар пайда болғаннан бұрын емес тағайындалады.
      Қайтадан өтініш білдіргенде тұрғын үй көмегі ағымдағы бүкіл тоқсанға тағайындалады.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен әділет органдарынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      11. алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      12. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының жиынтық табысы немесе азаматтың табысын негізге ала отырып анықталады.
      13. Азаматтың (отбасының) жиынтық табысы уәкілетті органмен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
      14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында есепке алаң нормасы алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне–көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрі қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін–тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін-пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      18. Есепке қабылданатын шығындар өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін беріледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      19. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      20. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы қаулысына сәйкес жүргізіледі.
      21. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізеді.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      22. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының ағымдағы шоттарына тағайындалған сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.08.08 № 65 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады