Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 23 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-121, 2009 жылғы 13 ақпанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланды, әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 370 "Әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 23 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен толықтырулар енгізілді, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-134, 2009 жылғы 15 мамырда "Рудненский рабочий" газетінде № 19 болып жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
14)-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
"14) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар";
15-тармақшасында "орта" сөзінен кейін "және жоғары" сөздері алынып тасталсын;
мына мазмұндағы 16)-тармақшамен толықтырылсын:
16) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ:
"Рудный қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Е.Скаредина