"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағылар халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:
1) аз қамтылғандар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығысыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру жерлерінен және (немесе) күштеп емдеуден босатылған тұлғалар;
10) оралмандар;
11) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
12) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
13) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
14) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
15) курстық дайындық, бастауыш, орта кәсіптік білімінің түлектері;
16) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.03.27 № 370 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.07.27 № 906 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қолдансын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
3. Жұмыс берушілерге ұсынылсын:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
2) уәкілетті органға ұйымның таралуына, санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдыңғы уақытта жұмыстан босатылатын жұмыскерлер туралы, жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктіліктерін және еңбекақы көлемдерін көрсете отырып, жұмыстан босатылуы мүмкін жұмыскерлердің саны мен санаты және олардың жұмыстан босатылатын мерзімдері туралы толық көлемдегі ақпаратты олардың жұмыстан босатылғанына дейін кемінде бір ай ішінде берсін;
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді ол пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға берсін;
4) уәкілетті орган берген жолдамадағы тиісті белгі арқылы себебін көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (уәкілетті орган азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) уақытында хабарласын;
5) мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындар квотасын орындау.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный
қаласының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ