Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы
№ 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерінің 6, 7, 8-тармақтарының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-119, 2009 жылғы 23 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған, әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 369 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-129, 2009 жылғы 24 сәуірде "Рудненский рабочий" газетінде № 16 болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның тақырыбында, 1-тармақта "жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу" сөздерінен кейін:
"қоғамдық жұмыстарға қатысатын" сөздері алынып тасталсын;
"толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың," сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг