Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiру үшін "Громада" дүкені алдындағы алаңын (Абай даңғылы, 96) белгілеу жолымен бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымша реттелсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арқалық қалалық мәслихатының | |
кезекті ІХ сессиясының төрағасы | А. Мұқанов |
Арқалық қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Ағуанов |