Жиналыстарды, шерулерді, митинглерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі № 180 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 тамызда № 9-3-111 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 16.05.2016 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiру үшін "Громада" дүкені алдындағы алаңын (Абай даңғылы, 96) белгілеу жолымен бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Арқалық қалалық мәслихатының
      кезекті ІХ сессиясының төрағасы А. Мұқанов
      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы Қ. Ағуанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады