"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, жұмыссыздықпен туындаған әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың Тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы Нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен есепте тұрған жұмыссыздарды кәсіпорындарға жіберсін.
4. "Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Лисаков қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лисаков қаласы әкімдігінің "Ұста" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін ескерсін.
5. "Лисаков қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ай сайын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
7. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының | |
әкімі | В. Полешко |
КЕЛІСІЛДІ
Әкімдіктің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына 1 қосымша |
2009 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін
жұмыс орындарын ұсынатын
кәсіпорындардың ТІЗБЕСІ
№ р/р | Кәсіпорынның атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрі | Қоғамдық жұмыстардың көлемдері | Қоғамдық жұмыстардың шарттары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Лисаков қаласы әкімдігінің "Ұста" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | Елді мекендердің аумақтарын жинау | Лисаков қаласы - 20220800 шаршы метр, Октябрь кенті - 7077280 шаршы метр, Красногор селосы – 3033120 шаршы метр | Лисаков қаласының аумағын 5000 адам-күн, Октябрь кенті - 1750 адам-күн, Красногор селосы - 750 адам-күн ұдайы қолмен санитарлық тазалау |
Әкімдіктің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына 2-қосымша |
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру
туралы НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесіне сәйкес әзірленді. Нұсқаулық жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін белгілейді және жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындармен негізгі шарттарды және есеп айырысу жүйесін реттейді.2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдері қолданылады.
3. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
қоғамдық жұмыстар – жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
жергілікті атқарушы орган – қала әкімі басқаратын, тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқарудың өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын әкімдік;
уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу ісін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген адамдар тобы;
жұмыс беруші – тізбесі жергілікті атқарушы органдары бекіткен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйым.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.5. Уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды орындау арналған жұмыс берушімен шарт жасасады.
6. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады.
7. Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды жіберуді уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
8. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
9. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес еңбек шарты жасалады.
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен, өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар уәкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберіледі.
3. Қаржыландыру көздері мен шарттары
11. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне байланысты болады.12. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген екі ең төменгі жалақыға дейінгі мөлшерде еңбекақысын төлеуге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік салыққа, жұмыссыздардың жеке есепшоттарына жалақыны аудару бойынша банк қызметтеріне жұмыс берушілердің шығыстары жергілікті бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджеттік қаражаттар нысаналы мақсатта қатаң түрде пайдалануға тиіс жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады.
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.
14. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
15. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекке ақысын төлеуге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, жалақыны аудару бойынша банк қызметтеріне жергілікті бюджет қаражатынан шығыстарын өтеу үшін ай сайын өкілетті органға орындалған жұмыстар актісін ұсынады. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбекақысын нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.