Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 12.04.2010 № 04-10/234 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының негiзiнде ШЕШТІМ:
1. Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесiне 2009 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облыстық ішкі істер Департаментінің Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) жасөспiрiмдердi әскерге шақыру учаскесiне тiркеу кезеңiнде ұсынамыз:
1) тiзiмге тiркелеуден қашқан азаматтарды iздеудi және ұстауды жүзеге асырсын;
2) шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн күн сайын сағат 9.00-18.00 дейiнгi уақытқа бiр полиция қызметкерiн бөлсiн.
3. Село, поселке, селолық округтер әкiмдерi тiркеуге шақырылған ер балалардың тіркеу учаскесіне тіркеуден өту үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытылы келуін және әскерге шақыруға дейінгілерді әскери тіркеуге алуға көмекті қамтамасыз етсін.
4. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) 1992 жылы туған азаматтарды тiркеу жүргiзудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету үшiн аудандық бюджетпен бекiтілген қажеттi мөлшерде ақшалай қаржы бөлсiн.
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қуанышбаев Болатхан Ахметұлына жүктелсiн.
6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Б. Ғаязов