Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 421, 422 баптарының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың жетінші сессиясының төрағасы |
Г. Сухотеплая |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бондаренко |
Мәслихаттың 2009 жылғы 20 наурыздағы № 100 шешіміне қосымша |
жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген
салық ставкалары
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық ставкалары (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 18 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4 | Бильярд үстелі | 25 |