Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 100 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әділет басқармасында 2009 жылы 6 сәуірде № 9-7-95 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 185 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 19.04.2010 № 185 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 421, 422 баптарының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
жетінші сессиясының төрағасы
Г. Сухотеплая
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко

  Мәслихаттың
2009 жылғы 20 наурыздағы
№ 100 шешіміне қосымша

      Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында
      жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген
      салық ставкалары

Рет №
 
 
Салық салу
объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салық ставкалары (айлық есептік көрсеткішпен)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
12
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
18
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
4
4
Бильярд үстелі
25

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады