Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 08-05/641 хатын қарастырып Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы түріндегі 2009 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | Р. Галимжанов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бондаренко |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Әулиекөл ауданының | |
ауыл шаруашылығы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
Нұғыманов Асқар Сералыұлы | |
2009 жылғы 13 қазандағы | |
"Әулиекөл ауданының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
Печникова Татьяна Ивановна | |
2009 жылғы 13 қазандағы |