Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасы негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "2009 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-116 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2009 жылғы 13 наурыздағы санында жарияланған, әкімдіктің 2009 жылғы 7 шілдедегі № 141 "2009 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "2009 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен енгізілген толықтырулармен нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-130 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 санында жарияланған) қаулысымен бекітілген жұмыспен қамту үшін халықтың нысаналы топтар тізбесіне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталымында және 1 тармақта "бекіту" мен "бекітілсін" деген сөздер "белгілеу" мен "белгіленсін" деген сөздерге ауыстырылсын;
жұмыспен қамту үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғалар тізбесі деген 18 тармақ жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов
ауданының әкімі А. Кушнир
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Д. Мұсылманқұлова
19.10.2009