Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
Ескерту. Атауы өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.10.19 № 219 (қолданысқа енгізу тәртібін т.3 қараңыз) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыспен қамтуды қолдау үшін нысаналы топтарға кіретін тұлғалар тізбесі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.10.19 № 219 (қолданысқа енгізу тәртібін т.3 қараңыз) қаулысымен.
2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды жұмыспен қамту үшін шаралар ескерсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Денисов
ауданының әкімі А. Кушнир
Әкімдіктің
2009 жылғы 19 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамтуды қолдау үшін халықтың нысаналы
топтарына кіретін адамдар
ТІЗБЕСІ
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.07.07 № 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 19.10.2009 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін т.3 қараңыз) қаулыларымен.
1. Аз қамтылған азаматтар;
2. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлердің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар;
5. Зейнеткерлікке шығу алдында жастағы адамдар (жасына қарағанда зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар);
6. Мүгедектер;
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
8. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
9. Оралмандар;
10. Көп уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жыл және одан да көп);
11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарын курстық даярлау бойынша бітірушілер;
12. Қарауында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен тұрақты қарауға, көмекке және бақылауға мұқтаж адамдары бар азаматтар;
13. Елу жастан үлкен тұлғалар;
14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдауымен бойынша кәсіптік оқуды бітіргендер;
15. Алынған мамандық бойынша стажы және тәжірибесі болмаған жұмыссыз жастар;
16. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
17. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына байланысты не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына,қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
18. алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 19.10.2009 № 219 қаулысымен.
19. Жалғыз басты аналар.