Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-115 нөмірімен тіркелген, "Житикаринские новости" газетінде 2009 жылғы 22 мамырда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 16 тармақпен толықтырылсын:
"16. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер".
2. Әкімдіктің осы қаулысы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара
ауданының әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН
"Жітіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________ И. Григорьева