2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 27 сәуірде № 9-10-115 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін 2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға көмекті қамтамасыз етсін.
      3. Әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Қ. Испергенов

      
2009 жылғы 25 наурыздағы     
№ 165 әкімдік қаулысына қосымша 

Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін 2009 жылға
арналған Жітіқара ауданындағы халықтың
мақсатты топтары

      Ескерту. Қосымша өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009.03.08 № 486 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.10.02 № 651 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      1. Тұрмысы төмендер.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғыз басты, көп балалы ата - аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей тәртіпте қарамағындағыларға көмекті және тұрақты күтімді қажет етеді деп танылғандары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік алды жасындағылар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар.
      9. Мәжбүрлеп емдеуден және (немесе) бас бостандығынан айыру орынынан босатылған тұлғалар.
      10. Оралмандар.
      11. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (жыл және одан да көп).
      12. Елу жастан асқандар.
      13. Кәсіби білімдері бар бастауыш, орта және жоғары бағдардамаларды жүзеге асыратын, оқу орындарының түлектері.
      14. Қостанай облысы бойынша тиісті кезеңіне белгіленгендей азық - түлік себеті құнынан аспайтын табысы бар толық емес отбасылар.
      15. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      16. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады