Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қаулысының 2 тарауына сәйкес 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу үшін олардың саның, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн анықтау, жалпы бiлiм деңгейiн, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейiн белгiлеу мақсатында Қамысты ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығыңа (келісім бойынша) 2009 жылы қаңтар - наурызда тiркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шағыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
2. "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті дәрігер-мамандармен және медициналық бибілермен (қосымшаға сәйкес) ал шақыру учаскесінде медициналық куәләндіруді сапалы өткізу мақсатында керекті медициналық аспаптармен, медициналық мүліктермен толықтырсын, аудандық ауруханада ауыратын жасөспірімдердің тұрақты тексерілуін және емделуін жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын. Қажетті медициналық тексерулерді кезектен тыс жүргізу ұйымдастырылсын.
3. "Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеу кезеінде тікеуден жалтарған тұлғаларды іздестіруді және шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде өзара iс-қимыл ұйымдастыру көзделсін.
4. "Қамысты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жұргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды Қамысты ауданы әкімдігінің қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат есебінен, "Әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралар" бағдарламасы бойынша жүзеге асырсын.
5. Тіркеуді жүргізу уақытында әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі іс-шаралар өткізу. "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Қамысты аудандың білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге оқу орындарына әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған тәріптемені білім беру ұйымдарына жеткізсін, алғашқы әскери дайындықтың оқытушылары – ұйымдастырушыларына әскери оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмыстарын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу уақытында әрбір әскерге дейінгілермен әскери оқу орындарына түсуге әскери-кәсіби бағдар мақсатында жеке әңгімелесу өткізу көзделсін.
6. Селолық округтер мен селолардың әкімдері комиссия жұмысының кестесіне сәйкес тіркелуге жататын жасөспірімдердің уақытында келулерін қамтамасыз етсін. Кәсіпорындар, ұйымдар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларына селолық округтер мен селолар әкімдерінің тапсырыстары бойынша автокөлік бөлу ұсынылсын. Орта мектеп директорлары аға жетекші етіп алғашқы әскери дайындық оқытушыларын тағайындасын.
7. Атқарған жұмыстар туралы Қамысты ауданы әкімінің аппаратын 2009 жылдың 15 сәуіріне хабардар етсін.
8. Қамысты ауданы әкімінің 2007 жылғы 29 желтоқсанның № 22 "1991 жылы туған азаматтарды Қостанай облысы Қамысты ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы" (2008 жылғы 15 ақпанындағы № 7-8 "Новый путь - Бозторғай" аудандық газетінде жарияланған тіркеу нөмірі № 9-11-61) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімнің орынбасары Кілібаев Алмат Амантайұлына жүктелсiн.
10. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Өтеулин
КЕЛІСІЛДІ