Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 23-бабына, 19-бабының 3-тармағына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында жедел әскери қызметіне кезекті шақыруды өткізу жөніндегі іс-шаралары ұйымдастырсын.
2. "Қарабалық орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезенде әскерге шақырушыларды сапалық медициналық куәландыру мақсатында ұсынылсын:
1) аудандық шақыру пункті белгіленген талаптарға сәйкес қажетті медико-санитарлық мүліктермен, аспаптармен және дәрі-дәрмектермен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырылсын;
2) әскерге шақырушыларды сапалық медициналық куәландыру үшін қажетті мөлшерінде дәрігерлер мен орта медициналық құрамын жіберсін;
3) қажетті жағдайларда шақырушылардың стационарлық емдеуін өткізуді қамтамасыз етсін, "Қарабалық орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында не үшін 10 жату орындар бөлінуі қарастырылсын.
3. Селолық округтер, Қарабалық кенті және Тоғызақ селосының әкімдері:
1) медициналық комиссияға, аудандық шақыру комиссияның отырысына және әскерге жіберу үшін шақырушыларды хабарлау және өз уақытта келуді қамтамасыз етілсін;
2) әскери қызметті өткеру үшін әскерге жіберілетін шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырылсын.
4. "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
1) жедел әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіру және ұстауды жүргізілсін;
2) әскери қызметтен бас тартқан тұлғалардың жеткізуін қамтамасыз етсін;
3) аудандық жиналу пунктінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы полиция нарядын бөлінсін;
4) аудан әкімімен бекітілген шақыру комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес жиналу пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін учаскелік инспекторлар жіберілсін.
5. Шақыру учаскелеріне және облыстық жиналу пунктіне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмыскерлердің және қызмет көрсететін тұлғалардың, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған ұйымдарда олардың жалақысы, жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталатының назарға алынсын.
6. "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруы 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
7. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы әкімдік қаулысын орындау бойынша орындалған жұмыс туралы ақпарат Қарабалық ауданының әкіміне 2009 жылдың 1 шілдесіне және 2010 жылдың 1 қаңтарына берілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Қарабалық ауданы
әкімінің м.а. Б. Кәкімжанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Нархов
2009 жылы 13 мамырдағы
"Қостанай облысы Қарабалық
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б. Беқболатов
2009 жылы 13 мамырдағы
"Қарабалық ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Л. Булдакова
2009 жылы 13 мамырдағы
"Қарабалық аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері Л. Панченко
2009 жылы 13 мамырдағы