"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданы әкімінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-09/1152 хатын қарастырып, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессия төрайымы Ж. Есқабылова
Аудандық
мәслихатының хатшысы А. Төлебаев
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ Н. Бодня
30.09.2009
"Қарабалық ауданының
ауылшаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ А. Бейсембаев
30.09.2009