Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2010.02.03 № 211 шешімімен.
Жергілікті бюджеттін табыс бөлігін ұлғайту мақсатында және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес өткізілген жерді аймақтарға бөлу жобалары негізінде, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Елді мекендердің тыс өнеркәсіп жерлері мен ауыл шаруашылығына жататын жерлерге және елді мекендердің ерлеріне (үй жер учаскелері болған кезде қоспағанда) жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға көтерілсін.
2. Салық комитеті жер салығын көтерілген базалық ставкалардың негізінде осы шешімге сәйкес есептеу жүргізсін.
3. "Жер салығы базалық ставкаларының өзгерістер туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 ақпандағы № 39 (2008 жылғы 11 наурыздағы мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 9-13-61, 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 14 "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған), шешімдерін күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы бойынша салық басқармасының бастығына жүктелсін.
5. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап oң күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қарасу аудандық мәслихатының
жетінші сессиясының төрағасы М. Сауытпаев
Қарасу аудандық мәслихатының
хатшысы С. Қазиев