Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда № 9-13-102 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 273 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 13.04.2015 № 273 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес өткізілген жерді аймақтарға бөлу жобалары негізінде сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұраққа (паркингтер), автомобильге май құю стансияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкалары 50% көтерілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданының 2011.09.29 № 387 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық Департаментінің Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жер салығын көтерілген базалық ставкалардың негізінде осы шешімге сәйкес есептеу жүргізсін.
      3. "Жер салығы базалық ставкаларының өзгерістер туралы" аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 123 ( 2009 жылғы 16 ақпандағы мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 9-13-76, 2009 жылғы 18 ақпандағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған), шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық Департаментінің Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы мемлекеттік мекемесі басқармасының бастығына жүктелсін.
      5. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      он бірінші сессиясының төрағасы             В. Михель

      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы         С.Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Салық комитетінің Қостанай
      облысы бойынша Салық Департаментінің
      Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:
      ___________________________ С. Ахметов
      2010.02.03

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады