"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкiмі ШЕШТІ:
1. 2010 жылдың қаңтардан бастап наурызға дейiн "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне аудан аумағындағы 1993 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қарасу ауылында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
3. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы "Қарасу аудандық ауруханасы" (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуін ұсыныс етілсін.
4. Ауылдар мен ауылдық округтердiң әкiмдерi:
1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін iлесiп жүретiн адамдарды берсін, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
5. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне азаматтардың тіркеуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруы "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсiн.
7. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Қарасу ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ А. Мұқашев
20.12.2009
"Қарасу ауданының әкімдігінің бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ И. Горлова
20.12.2009