Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2009.04.21 № 182 шешімімен .
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV ҚРЗ "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық кодексі) әрекетке енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына, Қостанай ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 39-08-ӨеТБ/329 хатына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бір жолғы талондар бойынша келесі ставкілер белгіленсін:
Рет саны |
Қызмет түрлері |
Ең аз есептік көрсеткіштен талондардың пайыздық құны |
|
нарықтың 2-санаты |
нарық сыртында |
||
1. |
Өткізу (жабық бөлімдерде іске асырылатын қызметтен басқалары): |
||
1) |
газет және жорналдарды; |
6,4 |
6,4 |
2) |
тұқымдарды, сондай-ақ отырғызылатын материалдарды (екпелер, көшеттер); |
6,4 |
6,4 |
3) |
бақша дақылдарын; |
11,9 |
11,9 |
4) |
саяжай мен үй айналасында өсірілген жанды гүлдерді; |
6,4 |
6,4 |
5) |
қосалқы шаруашылық өнімдерін |
19,7 |
19,7 |
6) |
бау-бақша, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін |
11,9 |
11,9 |
2. |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызметтері |
|
15,8 |
3. |
Мал және құс азықтарын өткізу |
4,0 |
4,0 |
4. |
Сыпыртқы, сыпырғышты өткізу |
4,0 |
4,0 |
5. |
Орман жидегін, саңырауқұлақтарды, балды, балықты өткізу |
6,4 |
6,4 |
6. |
Үй жануарлары мен құстарды бағу |
|
16,8 |
2. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қостанай аудандық мәслихатының 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 "Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 8 қаңтарда 1962 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 3 "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды), 2006 жылғы 27 шілдедегі № 327 "Қостанай аудандық мәслихатының 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 "Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 18 тамызда 9-14-44 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 25 тамаыздағы № 33 "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қостанай аудандық
мәслихатының кезектен тыс
сессиясының төрағасы С. Есментаев
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы Н. Төлепов