Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 182 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 мамырда № 9-14-108 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 75 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.12.20 № 75 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық кодексі) әрекетке енгізу туралы" Заңының 36-бабына, Қостанай ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 39-08-ӨеТБ/1610 хатына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар бір жолғы талондар құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.10.22 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) шешімімен.
      2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.10.22 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) шешімімен.
      3. Мәслихаттың 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 140 "Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-101 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 27 ақпандағы "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезекті
      сессиясының төрағасы                       Ю. Чеховский

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      қаржы Министрлігінің
      салық комитеті Қостанай
      облысы бойынша салық
      Департаментінің Қостанай
      ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ Б. Сулейменов
      2009 жылғы 24 сәуірде

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ В. Осадчая
      2009 жылғы 24 сәуірде

Мәслихаттың       
2009 жылғы 21 сәуірдегі 
№ 182 шешіміне 1-қосымша 

Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары,
оралмандар бір жолғы талондар құны

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.10.22 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) шешімімен.

Рет
саны

Қызмет түрлері

Талондардың
теңгедегі құны

нарықтың
2-санаты

нарық
сыртында

1

Өткізу (стационарлық үй-жайда
жүзеге асырылатын қызметтерді
қоспағанда):



1)

газеттер мен жорналдарды;

80

80

2)

тұқым, сондай-ақ отырғызылатын
материалды (екпелер, көшет);

80

80

3)

бақша дақылдарын;

150

150

4)

саяжайларда және үй маңындағы
учаскелерде өсірілген табиғи
гүлдерді;

80

80

5)

қосалқы ауыл шаруашылық өнімдерін

250

250

6)

бағбандық, бақшашылық және саяжай
учаскелерінің өнімдерін;

150

150

7)

мал және құс азықтарын;

50

50

8)

сыпыртқылар, сыпырғылар;

50

50

9)

орман жидегін, саңырауқұлақ, бал,
балық.

80

80

2

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі
жеке трактор иелерінің көрсететін
қызметі


200

3

Үй жануарлары мен құстарды бағу.


210

Мәслихаттың        
2009 жылғы 21 сәуірдегі  
№ 182 шешіміне 2-қосымша  

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету
жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғаларға бір жолғы талондар құны

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010.10.22 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) шешімімен.

Рет
саны

Қызмет түрлері

Талондардың
теңгедегі
құны

нарықтың
2-санаты

1

Сүт өнімдерін (сүт, қаймақ, сүзбе,
май мен салат) өткізу;

90

2

Жұмыртқа өткізу;

100

3

Шекілдеуік өткізу;

50

4

Салттық қызмет (гүлдесте, табыт,
ескерткіш, шарбақ әзірлеу, жерлеу);

60

5

Тірі құсты, төлді өткізу;

150

6

Көкөніс пен жемісті, жаңғақтық
барлық түрін өткізу;

130

7

Шұжық, сүрленген, ірімшік өнімдерін
өткізу;

150

8

Азық түлік (ұн, қант, жарма,
консерві, дәмдеуіштер) өткізу

150

9

Ұннан пісірілген бұйымдарды өткізу;

80

10

Тәтті тағам тауарларын өткізу;

150

11

Аралас өнеркәсіп тауарларын
(күрделі-тұрмыстық техника,
автокөліктің ауыл шаруашылық қосалқы
бөлшектері, автокөлік резинасы,
кілем бұйымдары, киім, аяқ киім,
былғары галантереясы, жиһаз, есік,
терезелер, алтын мен күмістен
бұйымдар, бижутерия, кеңсе
тауарлары) өткізу;

200

12

Құрылыс материалын (сантехника,
құрылыс қоспалары, кафелдік плитка,
фурнитура) өткізу;

120

13

Тұрмыстық химияны (жуғыш және
дезинфекциялау құралдары) өткізу;

200

14

Шаруашылық тауарларын (ыдыс және
жабдықтар) өткізу;

150

15

Машинадан өткізу: ағаш, отын, шөп,
кебек, астық қалдығы, құнарлы жер.

200

16

Ақылы қызмет (дәретхана, жүк тиеуші,
шабушы, қыдыртпа сауда).

60

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады