Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010.01.05 № 2 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 4-тармағының 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға арналған кәсіпорындар тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін бекіту туралы" әкiмдiктiң 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 38 қаулысына (2009 жылғы 5 наурызда "Сарыкөл" газетiнде жарияланған нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-17-75) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармағы келесi редакцияда мазмұндалсын:
"1. 2009 жылға арналған кәсіпорындар тізбесі, жұмыссыздар және толық емес жұмыс уақыты режимiнде жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін үйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін".
2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудан әкімі К. Ғабдулин
КЕЛIСIЛДI
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi" мемлекеттік мекемесі бастығы
_________________ Ю. Кондриков