Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56–бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының мүгедектерін, қатысушыларын және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағы 1-1) тармақшасына, "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 9-18-75 тіркелген, 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 1 "Шамшырақ"), Таран аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 147 шешіміне сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" және "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай төлемдер белгіленсін:
1) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті қаржы жылына қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды және жұмыссыздарды жерлеу үшін он еселі айлық есептік көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек;
2) Кеңес Одағының Батыры, Әлеуметтік Еңбек Батыры атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған (бұдан әрі - марапатталған қайтыс болған тұлғаларды жерлеу үшін әлеуметтік көмек) тұлғаларды жерлеуге отыз еселі айлық есептік көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек;
3) есептік құжаттардың негізінде мүгедек-балаларды компьютерлік томографтан тексеруден өтуге байланысты шығынды өтеуге тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде әлеуметтік көмек;
4) облыс және аудан еңбек нарығында аса талап етілетін мамандықтар бойынша оқу құнынының шығындарын өтеу үшін, халықтың нысаналы тобына кіретін жекелеген санаттағы азаматтарға тиісті бюджетке сәйкес қарастырылған қаражаттар шегінде әлеуметтік көмек;
5) туберкулезбен ауратындарды емдеу үшін он еселі айлық есептік көрсеткіші көлемінде Әлеуметтік көмек;
6) үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек-балаларға тоқсан сайын алты айлық есеп көрсеткіш көлемінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде қызмет көрсетілудегі мүгедек-балаларға тоқсан сайын үш еселік айлық есептік көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек, мүгедектер және балаларды қорғау Күніне қарсыаңында 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың ) теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
7) бюджетке сәйкес қарастырылған қаражаттар шегінде "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған нашар қамтылған азаматтарға (отбасыларға) қосалқы шаруашылығын дамыту үшін жетпіс еселік айлық есеп көрсеткіші көлемінде (әлеуметтік көмек көрсету түріне байланысты), отын алуға әлеуметтік көмек;
8) мемлекеттік мерекелерге және жаппай аудандық мерекелерге, қарттар Күніне, мүгедектер Күніне он еселік айлық есептік көрсеткіштің көлемінде әлеуметтік көмек;
9) республикалық және жергілікті мағынадағы дербес зейнеткерлерге және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жұмыскерлерге 30000 (отыз мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
10) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарға ай сайын тұрғын үй көмегін алатындарды қоспағанда (орталық және газ жылу жүйесі жоқтарға) айына бес еселік айлық көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек;
11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтеріне 500 (бес жүз) теңге көлемінде айсайынғы әлеуметтік көмек;
12) азық-түлік кәрзеңкесі мөлшерінің көбеюіне байланысты, ай сайын 0,5 айлық есеп көрсеткішінің көлемінде, "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған нашар қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек;
13) аудан әкіміне жазбаша өтінішпен келген азаматтардың барлық қажет ететін санаттарына жүз еселі айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы әлеуметтiк материалдық көмек;
14) мүгедектерге оңалту үшін үш еселі айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы қосымша әлеуметтік материалдық көмек.
2. "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім уәкілетті органмен құжаттарды қабылдаған күнен бастап он күн ішінде қабылданады;
2) әлеуметтік көмек кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке жарамды әкесі (ұлды, қызды асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, баланын ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады, шешесі жұмыссыз есебінде тіркелмеген факті міндетті түрде талап етілмейді;
3) қайтыс болған жұмыссыздар мен марапатталған адамдарды жерлеу үшін (қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген) қайтыс болған адаммен қайтқан күні бірге тұрған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі;
4) әлеуметтік көмек мүгедек-балаларды компьютерлік томографтан рексеруден өуге байланысты шағынды өтеу үшін отбасының табысына қарамастан мүгедек – баланың ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;
5) әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан әлеуметтік көмекті қажет ететін, халықтың нысаналы тобына кіретін бөлек санаттағы азаматтарға тағайындалады;
6) туберкулезбен ауыратын тұлғаларға емделу үшін отбасы кірісінен дербес өтініш берушіге, балалар ауырған жағдайда ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
7) мүгедектер Күні мен балаларды қорғау Күніне үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек-балаларға және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде тұрғандарға отбасының табысына қарамастан ата-аналарына немесе өзге заңды өкіліне әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
8) қосалқы шаруашылығын дамытуға, отын алуға әлеуметтік көмек өтініштердің өткен тоқсанымен белгіленген, табысы кедейлік деңгейінен төмен уәкілетті орган есебінде тұрған отбасылар ішінен нашар қамтылған азаматтарға (отбасыларға) тағайындалады және төленеді;
9) мемлекеттік мерекелерге және жаппай аудандық мерекелерге, қарттар Күніне, мүгедектер Күніне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
10) дербес зейнеткерлерге және еңбек сіңірген жұмыскерлерге осы атағы бар зейнеткерлерге әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
11) әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қатысушылардың жесірлеріне көрсетіледі;
12) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметіне әлеуметтік көмек көрсетіледі;
13) әлеуметтік көмек өтініштердің өткен тоқсанымен белгіленген, табысы кедейлік деңгейінен төмен, уәкілетті орган есебінде тұрған отбасылар ішінен аз қамтылған азаматтарға тағайындалады және төленеді;
14) аудан әкімінің қарары бар аудан әкімі аппаратында азаматтардың өтініштерін есепке алу карточкасының негізінде отбасының кірісіне байланыссыз барлық санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік материалдық көмек төленеді;
15) бір жолғы материалдық көмек көрсету арналған әлеуметтік көмек барлық санаттағы мүгедектерге төленеді;
16) әлеуметтік көмектің төленуі әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қаражатты уәкілетті орган ұсынған тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының банк операциялары түрлеріне Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен іске асады.
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімдемесін бекітсін.
5. "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" және "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыру жүргізілсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану үшін таратылады.
Таран ауданының
әкімі А. Ахметжанов