"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары Ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорттың мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он жетінші, кезекті
сессиясының төрағасы О. Шкуратов
Аудандық
мәслихатының хатшысы Ж. Шинкин
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ В. Пирог
2009.07.28 ж.
"Таран ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ В. Ересько
2009.07.28 ж.