"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–II Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесi санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата–ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар жатады;
11) ұзақ уақыт жұмыс iстемеген азаматтар (бiр жылдан артық);
12) келешегi жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан асқандар);
13) бастауыш, орта бiлiм беру және курстық дайындық оқу мекемелерiнiң түлектерi, жұмыссыз жастар, жұмыс тәжірибесіз өткен жылдардың түлектері;
14) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
15) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Ескерту. 1-тармақ 14) тармақшамен толықтыру енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімдігінің 2009.05.27 № 132 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен; 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009.06.17 № 140 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
2. "Ұзынкөл ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығына:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың уақытша жұмыспен қамтылуын және кәсiптiк дайындығын анықтау жөнiндегi шараларды қолдансын;
2) халықтың нысаналы топтарына жатанын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi қамтамсыз етсiн;
3) халықтың нысаналы топтарына жатанын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуынын бақылауы Ұзынкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары М.В.Слесарьға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл
ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ