Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2010.08.09 № 274 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2–тармағына, 311 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұзынкөл ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
IV шақырылған Ұзынкөл аудандық
мәслихатының хатшысы, кезекті
төғызыншы сесиясының төрағасы В. Вербовой
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің Ұзынкөл
аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесі, бастықтың міндетін атқарушы
_______________ Б. Токбаев
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
Министрлігінің Қостанай облыстық
Ішкі істер Департаментінің Ұзынкөл
аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі, бастығы
_______________ А. Елисеев
"Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Қостанай облысы бойынша Департаменті
Ұзынкөл ауданы бойынша санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі, бастығы
_______________ А. Мендекинов
Қосымша
2009 жылғы 28 сәуірдегі
№ 157 шешімімен бекітілген
Ұзынкөл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды
ұстау Ережелері
1. Осы Ереже Ұзынкөл ауданының елді мекендерінде Ұзынкөл ауданының аумағында үй жануарларды ұстауға регламенттеу мақсатында әзірленеді, (бұдан әрі-Ереже) әсіресе иттер мен мысықтарды және жеке және заңды тұлғаларға осы ережені бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейді.
2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтарды ұстайтын меншіктеріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
3. Осы Ереже "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Иттер мен мысықтардың иелерінің жауапкершілігі
4. Иттер мен мысықтардың иелеріне төменде көрсетілген шарттарды ұстансын:
1) жануарларды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, жануарларға адамгершілікпен қарауға,қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға, аурып қалған жағдайда уақытында ветеринар көмегіне сүйенуге;
2) осы Ережеге сәйкес жануарларды тиісті ұстауды қамтамасыз ету;
3) тыныштықты ұстану, санитарлық ережелерді, айналадағыларды қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдау;
4) иттерді серуенге осы мақсаттар үшін тек қана арнайы белгіленген орындарға шығару;
5) жалпы пайдалану орындарын ластануын жою;
6) жануар адамдарды қауып алса, сондай-ақ адамдарды немесе жануарларды сілекейленсе және тырналаса, олардың иелері ол туралы жақын маңайдағы медициналық, ветеринарлық мекемеге тұратын орын бойынша тез арада хабар беруге керек және де ол ветеринар маманның бақылауына алынып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем колдануға апарылуы тиіс;
7) жануарлардың өлген өлексесін жоюды қамтамасыз ету. Жануар өлген жағдайда, өлімтіктерді жерлеуге тек қана мал қорымы аумағына жүзеге асырылады;
8) жануарларға тыйым тәртібін ұстануға керек, белгіленген мерзімде міндетті ветеринарлық шараларды өткізу;
9) күзетші иттерінің иелері, қорғайтын әр түрлі тегінің аумақтарын, объектерін аумаққа шығуда, ескертетін жазу орналастыру қажет.
5. Кез келген жануар қожасының меншігі болып табылады, кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
4. Иттерді мен мысықтарды ұстау
6. Рұқсат етеді:
1) жануарларды тұрғын жайларда, оның ішінде, пәтерлерде ұстауға;
2) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамен көшеге, аулаға басқа да қоғамдық орындарға шығаруға;
3) айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдай сақталған болса, ит пен мысықтарды көліктің кез келген түрімен алып жүріге.
7. Рұқсат етілмейді:
1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас азаматтарға әр тұқымды иттерді қыдыртуға және де итпен шығуға;
2) жануарларларды жалпы пайдаланымдағы жерлерге: кіреберістерде, төлелерде, шатырдың астыларында, баспалдақ алаңдарында, аулада, көп қабатты үйлерде ұстауға;
3) ашық балкондарда және лоджияларда жануарлар ұстауға;
4) кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, спорт алаңдарын, балалар алаңдарын, көгалдарды, тротуарларды парктер мен саябақтардың аумағын ластауға тыйым салынады, егер жануар нәжіс тастаса ол жерді жануар иесімен тазаланады;
5) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынына, сауда залдары мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және әкелуге;
8. Ит пен мысық иелеріне үй жануарларын санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін ұстану қажет.
9. Иттерді ұстауда ауладағы кіретін есікте, қақпада ескерту жазуын орналастыру қажет, айналадағыларға алаңдаушылық туғызудың мүмкіндігін және қауіп-қатерін туғызатын жағдайларды болдырмайтын жағдайда айналадағылар үшін иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмеген.
10. Дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына жануар иелерінің уақытша байлап қойған жануарлардан басқа қоғамдық орындарда бірге жүретін тұлғасыз жүрген ит пен мысықтар қараусыз деп есептелінеді және де ондай жануар аулануға жатады.
5. Иттер мен мысықтар иелерін жауапкершілікке тарту
11. Иттер мен мысықтардың ұстау Ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы" кодексінің 311 бабына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жануарлардың иелері жауапкершілік алады.