Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы", "селолық", "селосының" деген сөздері "ауылындағы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің 29.05.2014 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi).
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Федоров ауданы Камышин селолық округі, Камышный Чандак селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің 29.05.2014 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi).
1. Камышин ауылдық округінің Камышин Чандак ауылындағы Рабочая көшесіне Турар Рыскулов көшесі деп қайта атауы берілсін.
2. Камышин ауылдық округінің Камышин Чандак ауылындағы Озерная көшесіне Иван Братышев көшесі деп қайта атауы берілсін.
3. Камышин ауылдық округінің Камышин Чандак ауылындағы Набережная көшесіне Мусабек Оспанов көшесі деп қайта атауы берілсін.
4. Камышин ауылдық округінің Камышин Чандак ауылындағы Русская тұйық көшесіне Михаил Ольховский тұйық көшесі деп қайта атауы берілсін.
5. "Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы құрамдас бөліктердің атауы туралы" Камышин селолық округі әкімінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 27 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-121 болып тіркелген, 2009 жылдың 9 қантардағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Б. Бектұрғанов