"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қантардағы Заңына сәйкес Камышин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Камышин селолық округінің Камышный Чандак селосындағы құрамдас бөліктердің қайта атауы туралы" Камышин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тіркелімінде 9-20-162 тіркелген, 2009 жылғы 19 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Федоров ауданы Камышин селолық округі, Камышный Чандак селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбына және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы", "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылындағы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Камышин ауылдық округінің әкімі С. Беккалиев