Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 24.12.2010 № 413 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 387–бабының 1–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6–бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге – жер салығының базалық ставкаларын 50 % көтерілсін.
2. "Жер салығының базалық ставкаларын 50 % көтеру туралы" мәслихаттың 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 97 шешімінің (нормативтік құқық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген нөмірі 9-20-83, 2008 жылғы 9 қарашадағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы |
Е. Абдурахманова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Сералинова |
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Н. Құттығожин