Жер салығының базалық ставкаларын 50 % көтеру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы № 235 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 9-20-164 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 413 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 24.12.2010 № 413 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 387–бабының 1–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6–бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге – жер салығының базалық ставкаларын 50 % көтерілсін.

      2. "Жер салығының базалық ставкаларын 50 % көтеру туралы" мәслихаттың 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 97 шешімінің (нормативтік құқық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген нөмірі 9-20-83, 2008 жылғы 9 қарашадағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
сессияның төрайымы
Е. Абдурахманова
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
С. Сералинова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Федоров ауданы бойынша

      салық басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      ______________ Н. Құттығожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады