Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі "Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" N 110/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2985 болып тіркелді, 2005 жылғы 26 мамырдағы N 57 "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы нұсқаулығында:
6 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Өтініш беруші қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін белгілі бір басқа төлемдерді алу құқығын іске асыруға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы уақытылы хабардар етеді".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсін.
Облыс әкімі Б. Сағынтаев