Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.01 N 281/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13, 14-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) толық 25 жасқа дейінгі жастар;
5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге; дәрігерлік–консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға; 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға; асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға; зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғаларға (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізілсін;
2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
3) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғалардан зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік–консультациялық комиссияның аңықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін;
4) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім-шарттар жасалсын;
5) оқу мерзімінде қоғамдық көлікте жүруге, тамаққа арналған шығындарды қоса алғанда жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға қаланың оқу орындарымен келісім-шарттар жасалсын.
Кәсіби оқуға арналған ақы курстардағы оқуға қатысқан нақты уақытқа жұмыс уақытын есепке алудың табелдеріне сәйкес жүргізілсін.
3. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге уақытша әлеуметтік жұмыс орны құруға тапсырыс берген кез-келген нысандағы жеке меншік кәсіпорындар және ұйымдарымен келісім-шарты жасалсын.
Жұмысқа қатысушылардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушінің жартылай өтемақы шығындарын қалалық бюджет есебінен ең төменгі жалақының бір жарымға дейін мөлшерін құрайды.
Жұмыс беруші жағынан қаржыландыру үлесі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен жұмыс беруші арасында жасалған келісім-шартпен анықталады.
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
5. Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2008 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 12-1-112 тіркелген, 2008 жылғы 22 мамырдағы "Сарыарқа самалы" N 55, 2008 жылғы 16 маусымдағы "Версия" N 24 газеттерінде жарияланған N 422/10 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов