Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" N 1444/24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 25/1 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 ақпанда N 133 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру Ережесін іске асыру мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" N 1444/24 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 12-1-99 тіркелген, 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Сарыарқа самалы" N 144, 2007 жылғы 3 желтоқсандағы "Версия" N 48 газеттерінде жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулыда көрсетілген 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Павлодар қаласы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы жұмыс көлемдерін көрсетумен меншік нысандарға қатысты емес кәсіпорындармен және ұйымдармен қоғамдық жұмыстарды атқаруға келісім шарт жасасын және жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жолдасын. Жұмыс түріне сәйкес Қазақстан Республикасының стандарттау, метрологиялау және құжаттандыру жөніндегі Комитеттің 1999 жылғы 16 қазандағы N 22 қаулысымен бекітілген сабақтарды жіктеу бойынша қоғамдық жұмыстарға жолдама жасасын.";
      көрсетілген қаулыдағы 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.

      Павлодар қаласының әкімі                   Б. Демеуов

Павлодар қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 25/1 қаулысына
қосымша

Павлодар қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 9 қарашадағы
N 1444/24 қаулысына
1-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Қала (шағынаудандар, ауылдық аймақтар, зират, қоқыс тастайтын жерлерді күзету және тағы басқалары) аумағын көріктендіруге көмек көрсету.
      2. Тұрғын қорларына арналған жөндеу жұмыстары және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының аумағын жинауға көмек көрсету.
      3. Тұтынушылар кооперативтерінің бау - бақша серіктестігін күзету.
      4. Көп қабатты тұрғын үйлердің кірмелерін күзету.
      5. Әлеуметтік бағыты бар, үкіметтік емес ұйымдардың, қайырымдылық көмек көрсету қорларының әлеуметтік - мәдени объектілерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары, қосалқы жұмыстар.
      6. Жолдарды жөндеу және салу.
      7. Меншікті нысаны түріндегі өнеркәсіптік кәсіпорындарында қосалқы жұмыстар.
      8. Жалғызбасты қарияларды және мүгедек адамдарды күту, сырқат адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға көмек көрсету.
      9. Мәдени саладағы ауқымдық шаралар (Қыс қалашығын салу және басқада).
      10. Әлеуметтік мәні бар аурулармен (нашақорлық, АҚТҚ/ЖҚТБ) ауыратын науқастармен және вирус жұқтырғандармен жұмыс жасайтын мекемелер мен ұйымдардың жұмысына көмек көрсету.
      11. Балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.
      12. Санаққа, аралап өтуге, курьерлік жұмысқа, құжаттарды ресімдеуге қатысу.
      13. ДКК анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғаларға қосалқы жұмыстар. Вахтадағы кезекшілік.

О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 9 ноября 2007 года N 1444/24 "Об организации и финансировании общественных работ"

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 16 января 2009 года N 25/1. Зарегистрировано Управлением Юстиции города Павлодара Павлодарской области 13 февраля 2009 года за N 133

      В целях реализации статьи 20 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", Правил организации и финансировании общественных работ, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года N 836 акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление акимата города Павлодара от 9 ноября  2007 года N 1444/24 "Об организации и финансировании общественных работ" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-1-99, опубликованное в газетах "Сарыарқа самалы" N 144 от 13 декабря 2007 года, "Версия" N 48 от 3 декабря 2007 года) следующие изменения:
      пункт 3 указанного постановления изложить в следующей редакции: "Уполномоченному органу по вопросам занятости города Павлодара, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, заключать договоры на выполнение общественных работ с предприятиями и организациями, вне зависимости от формы собственности, с указанием видов работ и направлять безработных граждан на общественные работы. Формировать направления на общественные работы по классификатору занятий, утвержденному постановлением Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Республики Казахстан от 16 октября 1999 года N 22, в соответствии с видами работ.";
      приложение 1 к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня первого его официального опубликования.
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на  заместителя акима города Капенова Б. А.

      Аким города Павлодара                      Б. Демеуов

Приложение
к постановлению акимата города Павлодара
от 16 января 2009 года N 25/1

Приложение 1
к постановлению акимата города Павлодара
от 9 ноября 2007 года N 1444/24

Виды общественных работ

      1. Помощь в благоустройстве территорий города (микрорайоны, сельская зона, кладбища, охрана свалок и другое).
      2. Помощь предприятиям жилищно-коммунального хозяйства в уборке территорий и ремонтных работах в жилом фонде.
      3. Охрана потребительских кооперативов садоводческих товариществ.
      4. Охрана подъездов многоэтажных жилых домов.
      5. Строительные и ремонтные работы, подсобные работы на объектах социально-культурного назначения, фондах, оказывающих благотворительную помощь, неправительственных организациях, имеющих социальную направленность.
      6. Ремонт и строительство дорог.
      7. Подсобные работы на промышленных предприятиях различных форм собственности.
      8. Уход за одинокими престарелыми и инвалидами, помощь в обслуживании больных, в том числе детей-инвалидов.
      9. Масштабные мероприятия культурного назначения (сооружение Зимнего городка и другие).
      10. Помощь учреждениям и организациям в работе с больными и вирусоносителями социально значимых заболеваний (наркомания, ВИЧ / СПИД).
      11. Помощь в организации досуга детей.
      12. Участие в переписи, обходах, курьерской работе, оформлении документов.
      13. Подсобные работы для лиц, имеющих ограничения в труде по справкам врачебно-консультационной комиссии. Дежурство на вахте.