Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009.06.19 N 842/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9–1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 , "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 маусымдағы "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартын бекіту туралы" N 786/16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 12-1-119 тіркелген, 2008 жылғы 30 тамыздағы N 97 "Сарыарқа самалы", 2008 жылғы 18 тамыздағы N 33 "Версия" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Мемлекеттік қызметті Кривенко көшесі, 25, N 220 кабинет, мекенжайы бойынша орналасқан "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезек секторы к ө рсетеді, электронды қ поштаны ң мекен-жайы - " e-mail: EleRavKus@ mail.ru.";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын: "2) ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша, азаматтардың қалыптасқан жеке ісі тұрғын үй комиссиясының карауына шығарылады. Тұрғын үй комиссиясының отырысы кемінде айына бір рет өткізіледі. Тұрғын үй комиссиясының отырысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілігі туралы соңғы шешім шығарылады. Тұрғын үй комиссиясының шығарған шешімі негізінде азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге есепке қою және кезектілігі немесе есепке және кезекке қоюдан бас тарту туралы хабарлама ұсынылады";
9 тармақта "2–ші қабат" сөзі "1–ші қабат" сөзімен ауыстырылсын;
11 тармақта "тұрғын үй қорын есепке қою, тарату және жекешелендіру секторының" сөзін " мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезек секторының " сөзімен ауыстырылсын;
21-тармақта " e-mail: pavfinotdel@ yandex.ru" с ө зін " e-mail: EleRavKus@ mail.ru." с ө зіне ауыстырылсын;
24-тармақтың 2) тармақшасындағы "N 511 кабинет, телефоны: 32-00-58", "жұма күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін", сөздерін "N 224 кабинет, телефоны: 32-05-65", "бейсенбі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін" сәйкес сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов