Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010.01.10 N 1-07/4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 47-бабының 4 тармағы 1) тармақшасы және 6-бабының 1 тармағы 2) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласының білім беру мекемелерінде оқитын және тәрбиеленетін келесі санаттағы балаларға:
1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
2) көп балалы отбасыларының балаларына;
3) қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балаларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев