Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.04 N 396/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және кейбір мемлекеттік органдардың құрылымында кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-213 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 5 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 754/12 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрамына:
"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Болат Қайыржанұлы Құспеков, Комиссия мүшесі болып;
"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Өтен Борамбайұлы Тоқыров, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
2) Комиссия құрамынан: Жанна Советқызы Рахымбаева, Жасұлан Жәлелұлы Сәдуақасов шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н.Нәбиев