Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011.02.17 N 26/1-28/73 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, жұмыссыздардың еңбек нарығындағы бәсекелестiкке төтеп беру қабiлетiн арттыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыратын жұмыстарды ұлғайту аудандық бюджеттен қаржыны игерсiн.
2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру" 002 бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте бекiтiлген қаржы көлемiнде мерзiмiнде қаржыландыруды қамтамасыз етілсiн.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. З. Ысқақоваға мiндеттелсiн.
Аудан әкiмі М. Көбенов