Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.11.2013 N 162-5/21 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабы, 1 тармағына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Салық Кодексінің 378 бабында қарастырылған ауыл шаруашылыққа арналған жерлердің негізгі салық мөлшері 50% ұлғайтылсын.
2. Салық Кодексінің 379 бабында қарастырылған ауыл шаруашылыққа арналған жеке тұлғаларға берілген жерлердің негізгі салық мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Салық Кодексінің 381 бабында қарастырылған елді мекендер жерлеріне (тұрғын үй маңындағы жерлерден басқа) негізгі салық мөлшері 50 % ұлғайтылсын.
4. Салық Кодексінің 383 бабында қарастырылған елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне негізгі салық мөлшері 50 % ұлғайтылсын.
5. Железинка аудандық мәслихатының (2-шақырылымы, 24 сессиясының) 2003 жылғы 23 сәуірдегі "Жерге салық мөлшерлерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестірінде N 1841 тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінде жарияланған) N 209/24 шешімінің күші жойылған деп саналсын.
6. Осы шешім ресми жариялануынан 10 күннен кейін қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Умаров
Аудандық мәслихатының хатшысы В. Крутиков
Железинка аудандық Мәслихатының
4-шақырылымның кезекті 14-сессиясының
2009 жылғы 16 сәуір N 138-4/14 шешіміне
1 қосымша
Селолық округтер қимасында базалық ставкаларын көтеру
N |
Селолық округтың атауы |
Көтерілген % |
1 |
Железин |
50 |
2 |
Михайлов |
40 |
3 |
Алакөл |
40 |
4 |
Актау |
20 |
5 |
Уалихан |
30 |
6 |
Енбекші |
20 |
7 |
Башмашын |
40 |
8 |
Озерный |
20 |
9 |
Казақстан |
30 |
10 |
Новомир |
40 |
11 |
Веселорощин |
30 |
12 |
Приертіс |
40 |
13 |
Лесной |
20 |