Жерге салық мөлшерлерін түзету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 сәуірдегі N 138-4/14 шешімі. Павлодар облысы Железинка ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 мамырда N 12-6-72 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы N 162-5/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.11.2013 N 162-5/21 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабы, 1 тармағына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Салық Кодексінің 378 бабында қарастырылған ауыл шаруашылыққа арналған жерлердің негізгі салық мөлшері 50% ұлғайтылсын.
      2. Салық Кодексінің 379 бабында қарастырылған ауыл шаруашылыққа арналған жеке тұлғаларға берілген жерлердің негізгі салық мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
      3. Салық Кодексінің 381 бабында қарастырылған елді мекендер жерлеріне (тұрғын үй маңындағы жерлерден басқа) негізгі салық мөлшері 50 % ұлғайтылсын.
      4. Салық Кодексінің 383 бабында қарастырылған елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне негізгі салық мөлшері 50 % ұлғайтылсын.
      5. Железинка аудандық мәслихатының (2-шақырылымы, 24 сессиясының) 2003 жылғы 23 сәуірдегі "Жерге салық мөлшерлерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестірінде N 1841 тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінде жарияланған) N 209/24 шешімінің күші жойылған деп саналсын.
      6. Осы шешім ресми жариялануынан 10 күннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А. Умаров

      Аудандық мәслихатының хатшысы              В. Крутиков

Железинка аудандық Мәслихатының
4-шақырылымның кезекті 14-сессиясының
2009 жылғы 16 сәуір N 138-4/14 шешіміне
1 қосымша           

Селолық округтер қимасында базалық ставкаларын көтеру

N

Селолық округтың атауы

Көтерілген %

1

Железин

50

2

Михайлов

40

3

Алакөл

40

4

Актау

20

5

Уалихан

30

6

Енбекші

20

7

Башмашын

40

8

Озерный

20

9

Казақстан

30

10

Новомир

40

11

Веселорощин

30

12

Приертіс

40

13

Лесной

20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады