Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2011.02.23 N 1-31-14 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бап 1 тармақ 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV, Бюджет кодексінің 26 бап 1 тармағына және 33 бап 4 тармағына және Бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік классификацияның кейбір мәселелері туралы" N 265 бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-13-70 тіркелген)N 58/10 шешімінің 1 қосымшасына келесі түзетулер енгізілсін:
"Пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару" 15 функционалдық топтың 017 бағдарламасы "Пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару" 006 бағдарламасына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджет мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап заң күшіне ие болады.
Сессия төрағасы,
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Паванов