"Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы" N 58/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 59/11 шешімі. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 71 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 ақпандағы N 1-31-14 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2011.02.23 N 1-31-14 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бап 1 тармақ 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV, Бюджет кодексінің 26 бап 1 тармағына және 33 бап 4 тармағына және Бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік классификацияның кейбір мәселелері туралы" N 265 бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-13-70 тіркелген)N 58/10 шешімінің 1 қосымшасына келесі түзетулер енгізілсін:
      "Пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару" 15 функционалдық топтың 017 бағдарламасы "Пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару" 006 бағдарламасына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджет мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап заң күшіне ие болады.

      Сессия төрағасы,
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Паванов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады