«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңы 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңының 17-бабы 5-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 603 қаулысына (2009 ж. 05.06. № 23 (233) «Қызылжар Нұры» және 2009 ж. 05.06. № 23 (281) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған, 2009 жылғы 3 маусымдағы № 13-1-155 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, 1 қосымшада:
комиссия құрамына енгізілсін:
Мясоедова
Анна Степановна «№ 2 қалалық емхана» КМҚҚ
мейірбикесі, шақыру комиссиясының
хатшысы,
Шақыру комиссиясының хатшысы дәлелді себептермен бола алмаған жағдайда шақыру комиссиясының құрамына мына адамдарды енгізуге рұқсат етілсін:
Тұрғынова
Сұлушаш Көшербайқызы «№ 2 қалалық емхана» КМҚҚ
мейірбикесі, шақыру комиссиясының
хатшысы
комиссия құрамынан шығарылсын:
Рахметова Райхан Сәткенқызы, Дятлова Елена Владимировна.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Петропавл
қаласының әкімі Н. Әшімбетов
КЕЛІСІЛДІ:
Денсаулық сақтау
басқармасының бастығы Е.А. Байжүнісов
КЕЛІСІЛДІ:
Петропавл қ. Қорғаныс істері
жөніндегі басқармасының бастығы М.Т. Исмаилов