Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)
«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аққайың ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеуін өткізу туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына (нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-2-93 және 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 2 «Аққайың» газеті мен 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 2 «Колос» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы мен 1 тармағында «тіркелмеген» сөзінен кейін «Қазақстан Республикасының ер» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шушамоин