"Аққайың ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған және одан үлкен жастағы бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеуін өткізу туралы" Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 23 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда N 13-2-94 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)

       «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аққайың ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеуін өткізу туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына (нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-2-93 және 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 2 «Аққайың» газеті мен 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 2 «Колос» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы мен 1 тармағында «тіркелмеген»  сөзінен кейін «Қазақстан Республикасының ер» сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық  ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   А. Шушамоин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады