Аққайың ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау ережелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі N 15-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қыркүйекте N 13-2-108 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі N 5-11 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012.07.18 N 5-11 Шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексі 3-бабы 2-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясыШЕШТІ:
      1. Аққайың ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау туралы берілген ережелер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап, он күн ағымында қолданысқа енгізіледі.

      ХІV сессия                                 Аудандық мәслихат
      ІV шақырылымның                            хатшысы
      төрайымы
      Н. Пигалева                                Б. Біләлов

Аққайың аудандық мәслихат
сессиясының 2009 жылғы 29 шілдедегі
№ 15-3 шешімімен
Бекітілген

Аққайың ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Аққайың ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау ережелері (әрі қарай мәтін бойынша – Ережелер) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс әрекеті туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған.
      Ережелер көркейту, санитарлық тазалау, аумақ тазалығын сақтау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін қорғау ортасында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді, Аққайың ауданының аумағында қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және жою тәртібін анықтап жеке меншік нысанына қарамастан, азаматтығына, жалға алушылар, құрылысшылар, ғимараттар, имараттар мен құрылыстар иелеріне қарамастан барлық шаруашылық субъектілеріне тиісті.

1. Негізгі ұғымдар мен түсініктер

      1. Көркейту - адамның аудан аумағында қауiпсiз, жайлы және ыңғайлы ортасын қамтамасыз ететiн элементтерi мен жұмыс кешенi. Бұл жұмыс кешенi көркейтудiң нысаналары мен элементтерiн ұйымдастыру, күтiп ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғауды келесi негiзгi бағыттар бойынша қамтиды:
      1) инженерлік көркейту;
      2) сыртқы-әсемдік көркейту;
      3) санитарлық көркейту;
      4) көгалдандыру.
      2. Бөлінген аумақ – жергiлiктi атқарушы органның шешiмiне сәйкес жер пайдаланушының жеке меншiгiне немесе жер пайдалануға, оған қарасты нысаналарды (ғимараттар, ғимараттар, құрылыстар) орналастыру үшiн берiлген жер учаскесi.
      3. Бекiтiлген аумақ - оған қызмет көрсету үшiн пайдаланатын немесе күзетiлетiн аймақ болып табылатын, бөлiнген аумаққа қосып берiлген жер учаскесi.
      4. Жасыл желектер - аудандық аумағының оларға арнайы бөлiнген алаптары мен учаскелерiнде (бақтар, парктер, бульварлар, көше және көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) орналасқан ағаштар, көшеттер.
      5. Жер пайдаланушы - меншiк нысандарына қарамастан, мақсатты пайдалануына сәйкес жер учаскелерiн пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      6. Инженерлiк желiлер және имараттар - ауданның селолары мен кенттер аумағының бетiндегi суларды жинау және бұру үшiн, қала халқы мен кәсiпорындарының мұқтаждарына кешендi қызмет көрсету үшiн арналған селолар мен кенттер инженерлiк көрiктенуiнiң маңызды элементтерi.
      7. Құрылыс салынбаған аумақ - негiзгi жобалау нормаларын қолдануды шектейтiн, жер үстi және жер асты құрылыстарының барлық түрлерi жоқ аумақ.
      8. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланатын демалыс аймақтары (парктер, жаңа жайлар, саябақтар), алаңдар, көлiк аялдамалары.
      9. Көше - жолдың жүргiншi бөлiгi, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үстi инженерлiк желiлер орналасқан аумақ.
      10. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар; іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
      11. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      12. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      13. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген қалдықтар
      14. Коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде пайда болатын тұтынудың қалдықтары, соның ішінде адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде, тағы да оларға пайда болу сипатында және құрамы бойынша жақын өндірістік қалдықтар.
      15. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған коммуналдық қалдықтарды, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.

2. Жалпы ережелер

      16. Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншiк нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көркейтудiң ережесiн ұстануға, қала аумағында тазалықты және тәртiптi қамтамасыз етуге, ғимараттар мен имараттарды оңды жағдайда ұстауға мiндеттi.
      17. Тұрғын үй, қызметтiк, өндiрiстiк және әкiмшiлiк ғимараттар мен имараттардың иелерi көшелердiң көрсеткiштерi мен нөмiрлiк белгiлерiн оңды жағдайда күтiп ұстауға мiндеттi.
      18. Меншiктiң барлық нысандарындағы заңды тұлғалардың ғимаратқа кiре берiсiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде заңды тұлғаның атауы болуы және олардың тиiстi жағдайын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      19. Әрбiр меншiк субъектiсiмен көшелер мен жол қиылыстарын тазарту жүргiзiледi:
      ұзынынан - иелiктегi үй аумағының бойына, көлденеңiнен - иелiктегi үйден жол кездемесiне дейiн.
      20. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
      6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
      7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару;
      8) қарлы үйінділерді күтіп ұстау.
      21. Кәсiпорындар, ұйымдар басшылары, меншiк нысанына қарамастан, жеке көлiктiң жүргiзушiлерi жол жүру қауіпсіздігін, жолдардың және ондағы имараттардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайда, транспорт құралдарын пайдалануға, сондай-ақ қоршаған ортанын ластануына жол бермеун мiндеттi.
      22. Ауданның елді мекендерінің аумақтарын кезең-кезеңмен тазалауын өткізу үшін бірыңғай санитарлық күн әр аптаның бейсенбі күні анықталсын.
      23. Қоғамдық орындар мен бекітілмеген аумақтарды тазалауды ұйымдастыруды – селолық округ әкімдері жүзеге асырады.
      24. Әкiмшiлiк және өнеркәсiп ғимараттарында, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында, тұрғын үй құрылысының аумағында автомобиль көлiгi тұрағының орындары жабдықталуы қажет.
      Белгіленбеген орындарда хабарландыруларды, афишаларды, агитациялы баспа материалдардың, хабарламалар мен басқа да визуалдық ақпаратты орналастыру, жапсыру, агитациялық баспа материалдарын шашу жіберілмейді.
      25. Автокөліктік құралдарды жөндеу арнайы жабдықталған орындарда жүзеге асыру қажет.
      26. Үй құстары бұл мақсаттарға арналған арнайы құрылғыларда, ал бағу үшін – арнайы торларда болуы қажет.
      27. Үй жануарларының иелері малдардың байлауда немесе елді мекеннен тыс орнатылған орындарда малшының қадағалауымен бағылуын қамтамасыз етулері тиіс.
      28. Үй малдарын елді мекендердің жол-көшелерінің желілері бойынша айдағанда мал иелері малдарды ұстау орнынан бағу орнына дейін бірге баруға және айдаған кезеңде малдың қиын жинауға тиісті.
      29. Мал мен құстарды елді мекендердің аумағында, жеке тұрғын үйлердің қоршалған аумақтарын есепке алмағанда бос бағуға тыйым салынады.

3. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзу

      30. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жұмыстарына, қолданыстағы заңдармен сәйкес, осы рәсімдердің орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейiн кiрiседi.
      31. Көрсетiлген жұмыстарды машина мен механизмдердi жұмылдырып, технологиялық талаптарға сәйкес атқарады.
      32. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейiн, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығарылады, ал учаске қайта қопсытылады.

4. Аудан аумағында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату

      33. Жеке және заңды тұлғалар шаруашылық әрекет нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтарының иелері болып табылады,, қоқыстардың пайда болған уақытынан олармен қауіпсіз қолданылуды қамтамасыз етіп оларды жою, зарасыздандыру және қауіпсіз жою бойынша шараларды орындайды.
      Қалдықтарды орналастыру және жою белгіленген арнайы орындарда жасалады:
      Қалдықтардың меншік иелері өндіріс қалдықтарын ақырындап қысқарту және өндіріс үрдістерін жетілдіру жолын тұтыну арқылы, қалдықтарды қайта қолданылу және қалдықтарды қолданылуға мүдделі тұлғаларға беру бойынша шаралар қолданылуы тиіс.
      Қоқыстардың меншік иесі қалдықтарды жинау, орналастыру жою бойынша орындайтын шараларды орындайтын субъект қызметтерін немесе орталықтандырылған қоқыстарды жинау барлық түрлерімен қолданыла алады.
      Жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын және (немесе) олардың жөндеуін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қоқысты жоюға шарт жасауға, оны өздері шығаруы немесе қоқыс шығаратын кәсіпорындармен шарт жасау керек.
      34. Қалдықтарды қолданылған кезде әрекетте келесілер жіберілмейді:
      1) қалдықтарды апатты үйінділерде бақылаусыз орналастыру;
      2) коммуналдық қалдықтарды жон-жосықсыз өрттеу;
      3) қалдықтардың бір түрлерін басқа түрлерімен араластыру;
      4) құрылыс алаңдарында, үйінділер мен полигондарда құрылыс қоқыстарын араластыру,
      5) қауіпті қалдықтарды қауіпсіз инертті қалдықтармен араластыру, сонымен бірге өндіріс, тасымалдау және орналастыру үрдісінде қауіпті қалдықтарды араластыру;
      6) қауіпті қалдықтарды қауіпсіз және инертті қалдықтар полигонында орналастыру;
      7) қатты, қож өнеркәсіп қалдықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орналастыру.
      35. Қалдықтардың меншік иелері өндіріс пен тұтыну қалдықтары және қауіпті қалдықтар, сонымен бірге қалдықтарды есепке алу және қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті қалдықтардың 5 жыл ағымында экологиялық талаптарын сақтауға тиісті.
      36. Сапаржайларда, базарларда, саябақтарда, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек.
      Санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сай қораптар толғаннан кейін тазаланады.
      37. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, аптасына бір рет орындалады.
      38. Жеке және заңды тұлғаларға қажет:
      1) бекітілген және бөлінген аумақтарда санитарлық қағидалармен анықталған қажетті санитарлық жағдайда ұстау; баланста бекітілген немесе меншіктегі инженерлік жүйелер және олардың элементтері (құдықтар, люктер, торлар, сораптық, жылулық пункттер трансматорлық кіші станциясы);
      2) қалдықтарды сақтау және жинау үшін қатты жабындысы бар арнайы жабдықталған алаңдар болу қажет;
      3) өндірістік, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды және қалдықтарды полигонда (қоқыс тастайтын жер) көмуді қамтамасыз ету;
      4) елді мекен көшелеріне белгіленген аумақтардан тыс топырақты, құрылыс қоқысты шығару және ластанған көлік пен құрылыс механизмдердің шығуына жол бермеуімен, өзінің құрылыс алаңдарына және жабындысыз басқа объектілерге қажетті кіре беріс жолдарын ұстауын қамтамасыз ету.
      39. Қоршаған ортаға қауіп келтіретін жағдайларда аудан аумағында құрылыс материалдарды, заттарды, ыдыстарды, жабдықтарды үюге, отты жағуға, өндірістік қалдықтарды, қоқыстарды күйдіруге жол берілмейді.

5. Аумақты қысқы мерзiмде күтiп ұстау және тазалау

      40. Көшелерде және алаңдарда қарды жинау кәсiпорындармен, ұйымдармен және басқа шаруашылық субъектiлерiмен оларға бекiтiлген аумақтарда жүргiзiледi.
      Жасыл желектер өсетін орындарда жолдарды бөгеу, көшеттері бар газондарға қар салу, көшелерді,алаңдарды роторлық қар тазалағыш машиналармен тазалау жіберілмейді.
      41. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегi, шатырлардағы және су ағатын құбырлардағы қар бұлтықтарын алу ғимараттар мен имараттар иелерiнiң және жалгерлердiң өз күштерi мен қаражаттарымен жүргiзiледi, олар жаяу жүрушiлермен бақытсыз жағдайды болдырмау және ауа желiлерiне, жарық шамдарына, жасыл желектерге зақым келтiрмеу үшiн сақтану шараларын мiндеттi түрде орындау қажет.
      Шатырдан тасталған қар жедел тасып шығарылуы қажет.
      42. Көшелермен алаңдармен жүру бiліктерiне, көпiрлерге, жол қиылыстарына, көтерiлетiн және төмен түсетiн жолдарға механикаландырылған құм төгу уәкілетті қызметтерiмен жоспарлы тәртiпте жүргiзiледі.
      43. Жеке және заңды тұлғалар бөлiнген және бекiтiлген аумақтарында тайғанаққа қарсы шараларды (мұзбен қарды ою, тайғанақ жерлерде инерттi немесе ұқсас материалдар төгу) қарастыруға тиіс.

6. Ауданның селолық және кентiнiң аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      44. Жер асты коммуникацияларын салумен байланысты жұмыстарды жүргiзуде жоспарлаушы барлық заңды және жеке тұлғалар тиіс:
      1) жыл сайын 01 қарашаға дейiнгi мерзiмде, келесi жылға өткiзiлетiн жоспарлы жұмыстардың айын, түрiн және мерзiмiн көрсетiп, өтiнiм беруге. Ауданның аумағында жоспарлы жұмыстар туралы қызметтерге өз уақтылы ақпарат беруге;
      2) жер асты желiлерiн жөндеу уәкiлеттi органдардан жер жұмыстарын жүргiзу құқығына рұқсат (ордер) алғаннан кейiн ғана жүргiзiледi;
      3) ғимараттарды, имараттарды, коммуникацияларды қайта құру және жөндеу кезiнде құрылыс нормаларының талаптары мен нысаналарды қоршау жөнiндегi тәртiптердi сақтау;
      4) артық грунт пен құрылыс қоқыстарын өз уақытылы шығарып тастауын қамтамасыз ету;
      5) бұзылған жол төсемдерi мен аула аумақтарын қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды өз уақытылы жүргiзу, құрылыс және жөндеу аяқталғаннан кейiн қазба орындарын, сонымен қатар құрылыс алаңдарын тәртiпке келтiруде қажеттi шараларды қабылдау.
      45. Жер асты коммуникацияларының құрылғысымен және жөндеумен байланысты жұмыстарды жүргiзгенде тыйым салынады:
      1) қандайда бiр жер үстi құрылысы мен ғимараттарын ығыстыру;
      2) жол төсiмдерiн артық бұзу және жұмыстарды сәйкес рұқсатсыз (ордерсiз) жүргiзу;
      3) тротуарларда, жолмен жүретiн бөлiгiнде және газондарда тартып алынған грунты, құрылыс материалдарын қалдықтарын, қоқысты қалдыруға, құдық қақпақтарын көмiп тастауға;
      4) жұмыстардың рұқсат қағазда (ордерде) көрсетiлген мерзiмдерi мен шарттарын бұзуға.

7. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау бойынша шаралар

      46. Жасыл көшеттер, жеке үй иелену аумағында өсетін жасыл көшеттерден тыс, ведомстволық бағыныштылығының меншігіне қарамастан дербес мемлекеттік қор болып табылып заңмен қатаң қорғалады. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақта заңнамаға сәйкес жасыл көшеттерді сақтауға тиісті, бұл үшін толық агротехникалық шаралардың кешенін жасаулары қажет, нақты айтқанда:
      1) су құю, бұтақтарды кесу, апат және қуаң ағаштарды жинау, діңгектерді тазалау, діңгек және тамырлардың шіліктерін алу, тыңайтқыштар жасау, жас ағаштарда баған шұңқырларын жасауға, жараларды дезинфекциялау мен күту, кеуектерді жабу сонымен бірге арам шөптерді жою бойынша механикалық тыңайту (шырмауық, ойраншөп, жусан, сора және т.б.):
      2) жапырақтар түскен кезеңде түскен жапырақтарды уақытында жинау. Жиналған жапырақтарды арнайы учаскелерге шығару. Жапырақтарды тұрғын үй аумақтары мен бақ скверлерінде өртеуге тыйым салынады;
      47. Кәсiпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар (бұдан әрi "тапсырушы" деп аталатын) құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде мiндеттi:
      1) жасыл желектердi зақымданудан қоршауға алуға, жеке желектердi сынуынан немесе зақымдануынан қорғау үшiн қораптарға салуға;
      2) жасыл желектер орналастырған аймақта жолдар мен тротуарларда қайта құрған және құрылыс салған жағдайда жоғарылатқан немесе төмендеткен жағдайда тік белгілердің 5 сантиметрден артық өзгертуді жібермеу. Тамыр желілерін себу және ашу шарасыз болған жағдайда жобаларда жасыл желектердің қалыпты өсуі үшін жағдайларды сақтау үшін құрылғыны қарастыру қажет.
      3) салынып жатқан объектiлерге кiрме жолдарын тартқанда желектердiң» орындарын ескерiп, жасыл желектердiң бар қоршауларын бұзбау керек.
      48. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнген учаскелерде жасыл желектердi сақтау мүмкiн болмаған жағдайда жасыл желектер шығарып тасталынады. Жасыл желектердi шығарып тасталғанда ескерiледi:
      1) жасыл қор нысаналарының шаңнан қорғайтын, желден қорғайтын, газға тұрлалылық және фитонцидтiк қасиеттерi;
      2) негiзгi биоматериалдық көрсеткiштерi - өсiмдiктiң биiктiгiн, олардың қабығының енiн және қоюлығын;
      3) селолық және кенттiк нысаналарының сәндiлiгiне және әсем ресiмделуiне әсерiн;
      4) осы аймақта сауықтыру әсерiн.
      49.Жұмысты жүргiзгенде тапсырушы мiндеттi:
      1) жасыл желектердi шығарып тастауды, қайта отырғызуды немесе кесудi өз күшiмен және қаражатымен жүргiзуге немесе осы жұмыстар түрiн жүргiзуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келiсiм-шарт жасасуға.
      2) ақшалай қаражаттарды (алынатын жасыл желектердің сомасы) жергілікті бюджетке аударумен жасыл желектерді бағалауға лицензиялары бар ұйымдармен шарт жасауға тиісті.
      50. Жасыл желектердiң аумағында тыйым салынады:
      1) құрылыс материалдарын, жер, көмiр және басқа заттарды жинауға, газондарды, гүлдер егiлген жерлердi, ағаш шұңқырларын ластауға;
      2) газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттердi сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтiруге;
      3) көшелердi, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшiн тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
      4) гүлдердi жұлуға, жемiстердi үзуге, мал бағуға, жер, құм өндiруге;
      5) жасыл желектердi өнеркәсiптiк лай сумен және басқа тастамалармен ластауға;
      6) бақ мүлiктерiмен жабдықтарын (орындықтарды, урналарды, шартақтарды, газон торларын) бүлдiруге;
      7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлiк құралдарымен жүруге (арнайы көлiктен басқа);
      8) газондармен тiрi қашалардың маңында жолаушылар көлiгiнiң аялдамасын орнатуға;
      9) газондарда автокөлiк құралдарын қоюға және торағын орнатуға;
      10) от жағуға, өрт қарсы басқа да тәртiптердi бұзуға;
      11) ағаштарға электр сымдарын, тiкенек сымдарды, алтыбақандарды, киiмдердi кептiру үшiн жiп байлауға, жазулар жазуға;
      12) агрономиялық белгiленген мерзiмдерден тыс, сәйкес қызметтермен келiсiлген кесу тәртiбiн сақтамай ағаштардың басын кесуге;
      13) ағаш және бұта көшеттерiн өз еркiмен кесуге;
      14) өз бетiмен қашалар орнатуға;
      15) ойындар: футбол, волейбол, городки және басқа ойындар (бұл мақсат үшiн арнайы бөлiнген орыннан басқа) ұйымдастыруға;
      16) жабайы және мәдени флораның гүлдерiн жуашықтарымен және тамырларымен қазып алуға.

8. Ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      51. Осы қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      52. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдың зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

О правилах благоустройства и санитарной очистки населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений и объектов инфраструктуры Аккайынского района

Решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29 июля 2009 года N 15-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Аккайынского района Северо-Казахстанской области 9 сентября 2009 года N 13-2-108. Утратило силу - решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 18 июля 2012 года N 5-11

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 18.07.2012 N 5-11

      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушения» от 30 января 2001 года, подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, сессия районного маслихата РЕШИЛА:
      1. Утвердить прилагаемые правила благоустройства и санитарной очистки населенных пунктов, содержания и защиты зеленных насаждений и объектов инфраструктуры Аккайынского района, согласно приложения.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               Секретарь
      XIV сессии IV созыва                       районного маслихата
      Н. Пигалева                                Б. Билялов

Утверждены
решением сессии Аккайынского
районного маслихата
от 29 июля 2009 года № 15-3

ПРАВИЛА благоустройства и санитарной очистки населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений и объектов инфраструктуры Аккайынского района

      Правила благоустройства и санитарной очистки населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений и объектов инфраструктуры Аккайынского района (далее по тексту – Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» от 30 января 2001 года, Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года,  ЗакономРеспублики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан» и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      Правила регулируют отношения физических и юридических лиц в сфере благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты территории, содержания и защиты зеленых насаждений и объектов инфраструктуры, определяют порядок сбора, вывоза, переработки и утилизации отходов на территории Аккайынского района и обязательны для всех хозяйствующих субъектов, независимо от форм собственности, принадлежности или гражданства, арендаторов, застройщиков, владельцев зданий, строений и сооружений.

1. Основные понятия и определения

      1. Благоустройство - комплекс элементов и работ, обеспечивающих удобную, комфортную и безопасную жизнедеятельность человека на территории района. Данный комплекс работ предусматривает организацию, содержание, эксплуатацию, ремонт и охрану объектов и элементов благоустройства по следующим основным направлениям:
      1) инженерное благоустройство;
      2) внешне - эстетическое благоустройство;
      3) санитарное благоустройство;
      4) озеленение.
      2. Отведенная территория - земельный участок, переданный лицу в собственность или землепользование в соответствии с решением местного исполнительного органа для размещения принадлежащих ему объектов (здании, сооружении, строении).
      3. Закрепленная территория - участок земли, тяготеющий к отведенной территории, используемый для его обслуживания, или являющийся охранной зоной.
      4. Зеленые насаждения - деревья, кустарники, травянистые культуры, расположенные на специально отведенных для них участках и массивах районных территорий (сады, парки, бульвары, уличное озеленение, цветники, газоны).
      5. Землепользователь - юридическое или физическое лицо использующее земельные участки в соответствии с целевым назначением, независимо от форм собственности.
      6. Инженерные сети и сооружения - важнейшие элементы инженерного благоустройства сел и поселков, предназначенные для комплексного обслуживания, нужд населения сел и поселков, предприятий, для сбора и отвода поверхностных вод с территории населенных пунктов района.
      7. Незастроенная территория - территория, на которой отсутствуют все виды наземной и подземной застройки, ограничивающие применение основных норм проектирования.
      8. Общественные места - зоны отдыха общего пользования (парки, пляжи, скверы), площади, остановки транспорта.
      9. Улица - территория, на которой размещены проезжая часть, тротуары, зеленые насаждения, подземные и наземные инженерные сети.
      10. Малые архитектурные формы - сравнительно небольшие по объему объекты как декоративного характера, так и практического использования:
      декоративные сооружения - скульптуры, фонтаны и декоративные водоемы, стеллы, барельефы, вазы для цветов, флагштоки и т.д.;
      сооружения практического использования - беседки, павильоны, киоски, торговые тележки, телефонные и торговые автоматы, аттракционы, скамьи, ограды, урны, таблички улиц, домов, рекламы, почтовые ящики и т.д.
      11. Здание - искусственное строение, состоящее из несущих и ограждающих конструкций, образующих обязательный наземный замкнутый объем, в зависимости от функционального назначения, используемое для проживания или пребывания людей, выполнения производственных процессов, а также размещения и хранения материальных ценностей. Здание может иметь подземную часть.
      12. Сооружение - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надводный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций. Сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение.
      13. Отходы производства и потребления (далее - отходы) - остатки сырья, материалов, полуфабрикатов, иных изделий или продуктов, которые образовались в процессе производства или потребления, а также товары (продукция), утратившие свои потребительские свойства.
      14. Коммунальные отходы- отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, так же отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования.
      15. Несанкционированная свалка - самовольный (несанкционированный) сброс (размещение) или складирование коммунальных отходов, отходов производства и строительства, другого мусора, снега, льда, образованного в процессе деятельности юридических или физических лиц.

2. Общие положения

      16. Предприятия, учреждения, организации, независимо от форм собственности и организационно-правовых форм, общественные объединения, должностные лица и граждане должны соблюдать Правила, обеспечивать надлежащую чистоту и порядок на территории населенных пунктов района, поддерживать в исправном состоянии здания и сооружения.
      17. Владельцы жилых, служебных, производственных и административных зданий и сооружения должны содержать в исправном состоянии указатели улиц и номерные знаки.
      18. Юридические лица всех форм собственности у входа в здания должны иметь вывески с наименованием юридического лица на государственном и русском языках и обеспечить их надлежащее состояние.
      19. Уборка территории каждым субъектом собственности производится:
      в длину - на протяжении территории домовладения, в ширину - от домовладения до дорожного полотна.
      20. Уборка и содержание мест общего пользования, а так же частных подворий, включают в себя следующие виды работ:
      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора, навоза и отходов;
      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;
      3) подметание, полив и мойка в летний период;
      4) покос и вывоз камыша и иной дикорастущей растительности;
      5) ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм;
      6) механизированная уборка проезжей части в зимний период;
      7) погрузка и вывоз снега при механизированной уборке;
      8) содержание снежных свалок.
      21. Руководители предприятий, организаций, независимо от форм собственности, физические лица – владельцы транспортных средств должны эксплуатировать транспортные средства в состоянии, обеспечивающем безопасность дорожного движения, сохранность дорог и сооружения на них, а также предотвращать загрязнение окружающей среды.
      22. Для проведения повсеместной периодической уборки территорий населенных пунктов района определить единый санитарный день – четверг каждой недели.
      23. Организацию уборки общественных мест и незакрепленных территорий осуществляют акимы сельских округов.
      24. У административных и производственных зданий, предприятий торговли и общественного питания, на территории жилой застройки должны оборудоваться места стоянки автомобильного транспорта.
      Не допускается размещение, расклеивание объявлений, афиш, агитационных печатных материалов, извещений и иных объектов визуальной информации вне установленных мест, разбрасывание агитационных печатных материалов.
      25. Ремонт автотранспортных средств необходимо осуществлять в специально оборудованных местах.
      26. Домашняя птица должна содержаться в специально предназначенных для этих целей постройках, а для выпаса – в специальных вольерах или клетках.
      27. Владельцы домашнего скота должны обеспечить выпас скота на привязи либо под надзором пастуха в установленных местах, за пределами населенного пункта.
      28. При прогоне домашнего скота по дорожно-уличной сети населенных пунктов района владельцы скота должны обеспечить сопровождение животных от места содержания до места выпаса и обратно, а также уборку навоза за скотом в период прогона.
      29. Не допускается свободный выпас скота и птицы на территории населенных пунктов, за исключением огороженных территорий индивидуальных жилых домов.

3. Снос и разборка строений на территории района

      30. К работам по расчистке территорий от ветхих и изношенных строений приступают после юридического обеспечения законности выполнения данной процедуры в соответствии с действующим законодательством.
      31. Выполнение указанных работ производится в соответствии с технологическими требованиями, с привлечением специальных машин и механизмов.
      32. После произведенного демонтажа или сноса строения строительные отходы (мусор) в обязательном порядке вывозятся на полигоны твердых бытовых отходов, а участок подлежит рекультивации.

4. Сбор, временное хранение, вывоз и утилизация отходов на территории района

      33. Физические и юридические лица, в результате хозяйственной деятельности которых образуются отходы производства и потребления, являются их собственниками, обеспечивают безопасное обращение с отходами с момента их образования и выполняют мероприятия по их утилизации, обезвреживанию и безопасному удалению.
      Размещение и удаление отходов производится в специально отведенных местах.
      Собственники отходов должны принимать меры по постепенному сокращению отходов производства и потребления путем совершенствования производственных процессов, повторного использования отходов, а также передачи отходов лицам, заинтересованным в их использовании.
      Собственник отходов может пользоваться услугами субъектов, выполняющих операции по сбору, утилизации, размещению или удалению, либо самостоятельно осуществлять операции по их размещению и удалению.
      Физическим и юридическим лицам, осуществляющим строительство и (или) ремонт недвижимых объектов, необходимо заключать договоры на утилизацию мусора, производить его вывоз самостоятельно или по договору с мусоровывозящим предприятием.
      34. В деятельности по обращению с отходами не допускается:
      1) неконтролируемое размещение отходов на стихийных свалках;
      2) несанкционированное сжигание коммунальных отходов;
      3) смешивание одних видов отходов с другими видами;
      4) смешивание строительного мусора с другими отходами на строительных площадках, а также на свалках и полигонах;
      5) смешивание опасных отходов с неопасными и инертными отходами, а также различных видов опасных отходов между собой в процессе их производства, транспортировки и размещения;
      6) размещение опасных отходов на полигонах неопасных и инертных отходов;
      7) размещение твердых и шлакообразных промышленных отходов на полигонах твердых бытовых отходов.
      35. Собственники отходов должны соблюдать экологические требования при обращении с отходами производства и потребления и опасными отходами, а также вести учет отходов и хранить информацию об опасных для окружающей среды и здоровья человека свойствах отходов в течение 5 лет.
      36. На вокзалах, рынках, парках, на площадях, в учреждениях образования, здравоохранения и других местах массового посещения людей, у входа в торговые объекты должны быть установлены урны для мусора.
      Очистка урн производится по мере их заполнения, в соответствии с санитарно-эпидемиологическими нормами.
      37. Мойка урн производится по мере загрязнения, но не реже одного раза в неделю.
      38. Физическим и юридическим лицам необходимо:
      1) поддерживать в надлежащем санитарном состоянии, определяемом санитарными нормами отведенные и закрепленные территории; находящиеся в собственности или закрепленные на балансе инженерные сети и их элементы (колодцы, люки, решетки, опоры, насосные, тепловые пункты, трансформаторные подстанции);
      2) для сбора и хранения отходов иметь специально оборудованные площадки с твердым покрытием;
      3) обеспечить вывоз и захоронение отходов на полигоне производственных, твердых бытовых отходов (свалка);
      4) обеспечить надлежащее содержание подъездных путей к своим строительным площадкам и другим объектам без покрытия, не допуская выноса строительного мусора, грунта за пределы отведенной территории и выезд загрязненных машин и строительных механизмом на улицы населенных пунктов.
      39. Не допускается складировать оборудование, тару, сырье, строительные материалы на территории района, разводить костры, сжигать мусор, производственные отходы, в случаях опасности причинения вреда окружающей среде.

5. Уборка и содержание территорий в зимнее время

      40. Уборка снега на улицах и площадях должны производиться предприятиями, организациями и другими хозяйственными субъектами с закрепленных за ними территорий.
      Не допускается загромождение проездов и проходов, укладка снега и льда в газоны с посадками, очистка улиц, площадей роторными снегоочистительными машинами, в местах произрастания зеленых насаждений.
      41. Очистка крыш от снега и удаление ледяных наростов на карнизах, крышах и водосточных трубах должна производиться систематически силами и средствами владельцев и арендаторов заданий и сооружений с обязательным соблюдением мер предосторожности во избежание несчастных случаев с пешеходами и повреждений воздушных сетей, светильников и зеленых насаждений.
      Сброшенный с крыш снег должен быть немедленно вывезен.
      42. Механизированная посыпка песком проезжей части улиц, площадей, мостов, перекрестков, подъемов и спусков производится в плановом порядке уполномоченными службами.
      43. Физические и юридические лица должны на отведенных и закрепленных территориях предусматривать противогололедные мероприятия (скалывание льда и снега, посыпку скользких мест инертными или аналогичными материалами).

6. Порядок производства земляных работ, связанных с разрытиями на территории сел и поселков района

      44. Все юридические и физические лица, планирующие проведение работ, связанных с прокладкой подземных коммуникаций, должны:
      1) в срок до 1 ноября ежегодно подавать заявки на предстоящий год с указанием месяца, вида и сроков проведения плановых работ. О планируемых работах на территории района своевременно информировать соответствующие службы;
      2) производить прокладку и ремонт подземных сетей только после получения разрешения на право производства земляных работ в уполномоченном органе;
      3) соблюдать требования строительных норм и правил по ограждению объектов при ремонте и реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций;
      4) обеспечивать своевременный вывоз излишнего грунта и строительного мусора;
      5) своевременно производить работы по восстановлению нарушенных дорожных покрытий и дворовых территорий, принимать необходимые меры к приведению в порядок мест раскопок, а также строительных площадок после окончания строительства и ремонта.
      45. При проведении работ, связанных с устройством или ремонтом подземных коммуникаций, не допускается:
      1) смещение каких-либо наземных строений и сооружений;
      2) излишнее разрушение дорожных покрытий и сведение работ без получения соответствующего разрешения;
      3) оставлять на тротуарах, проезжей части и газонах вынутый грунт, остатки строительных материалов и мусора, засыпать крышки колодцев;
      4) нарушать сроки и условия работ, указанных в разрешении.

7. Меры по содержанию и защите зеленых насаждений

      46. Зеленые насаждения, независимо от ведомственной принадлежности, составляют неприкосновенный государственный фонд, и строго охраняется законом, за исключением зеленных насаждений произрастающей на территории частных домовладений. Юридические и физические лица на закрепленной территории должны обеспечить сохранность зеленых насаждений, для чего проводить полный комплекс агротехнических мероприятий, а именно:
      1) полив, обрезку, вырезку сушняка, уборку аварийных и сухостойных деревьев, очистку стволов, удаление стволовой и прикорневой поросли, внесение удобрений, устройство приствольных лунок у молодых деревьев, дезинфекцию и замазку ран, заделку дупел, а также механическую обработку по уничтожению сорняков (повилики, амброзии, полыни, конопли и др.):
      2) в период листопада своевременно убирать опавшие листья. Собранные листья вывозить на специально отведенные участки. Сжигать листья на территории жилой застройки в скверах и парках не допускается.
      47. При производстве строительных, ремонтных и других работ предприятия, организации и физические лица (именуемые в дальнейшем заказчики) должны:
      1) ограждать зеленые насаждения от повреждения, отдельные насаждения брать в короба во избежание их поломки или повреждения;
      2) при реконструкции и строительстве дорог, тротуаров в зоне размещения зеленых насаждений не допускать изменения вертикальных отметок более 5 сантиметров при повышении или понижении. В тех случаях, когда засыпка и обнажение корневой системы неизбежны, в проектах необходимо предусмотреть устройство для сохранения условий для нормального роста зеленых насаждений;
      3) при прокладке подъездных дорог к строящимся объектам необходимо учитывать расположение насаждений и не нарушать существующих ограждений зеленых насаждений.
      48. В случае невозможности сохранения зеленых насаждений на участках, отводимых под строительство или производство других работ, производится снос зеленых насаждений. При сносе зеленых насаждений учитываются:
      1) пылезащитные, ветрозащитные, газоустойчивые и фитонцидные качества объектов зеленого фона;
      2) основные биометрические показатели - высота растений, ширина, высота и густота их крон;
      3) влияние на декоративность и эстетическое оформление сел и поселков;
      4) их оздоровительное влияние в определенной зоне.
      49. При производстве работ, требующих сноса зеленых насаждений, заказчик должен:
      1) произвести снос, пересадку или обрезку зеленых насаждений своими силами и средствами или заключить договор со специализированной организацией, имеющей лицензию на проведение данного вида работ;
      2) заключить договор с организациями, имеющими лицензию на проведение оценки зеленых насаждений, с последующим перечислением денежных средств (стоимости сносимых зеленых насаждений) в местный бюджет.
      50. На территориях зеленых насаждений не допускается:
      1) складировать строительные материалы, землю, дрова, уголь и другие предметы, засорять газоны, цветники, приствольные лунки;
      2) нарушать газоны, ломать или надрезать деревья, кустарники, причинять другие механические повреждения;
      3) применять соль и другие вредные для зеленых насаждений вещества с целью очистки улиц, площадей, тротуаров;
      4) срывать цветы, сбивать плоды, пасти скот, добывать грунт, песок;
      5) загрязнять территории зеленых насаждений промышленными и бытовыми стоками, твердыми бытовыми и промышленными отходами;
      6) портить садовый инвентарь и оборудование (скамейки, урны, ограды, газонные решетки);
      7) ездить по зеленым насаждениям на автомашинах, мотоциклах и других транспортных средствах (за исключением специального транспорта);
      8) устраивать остановки пассажирского транспорта вблизи газонов и живых изгородей;
      9) устраивать парковки и стоянки автотранспортных средств на газонах;
      10) разжигать костры, нарушать противопожарные правила;
      11) прикреплять к деревьям электропровода, колючую проволоку, качели, веревки для сушки белья, делать надписи;
      12) обрезать кроны деревьев вне установленных агрономических сроков и без соблюдения правил обрезки;
      13) осуществлять самовольные порубки деревьев и кустарниковых насаждений;
      14) самовольно устраивать изгороди;
      15) устраивать игры: футбол, волейбол, городки и другие (за исключением мест, специально отведенных для этих целей);
      16) выкапывать с луковицами и корнями цветы дикой и культурной флоры.

8. Ответственность физических и юридических лиц за нарушение Правил

      51. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, привлекаются к ответственности в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» от 30 января 2001 года.
      52. Применение мер административной ответственности не освобождает нарушителей от обязанностей возмещения причиненного ими материального ущерба в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и устранения допущенных нарушений.